Шымкенттік университет есірткі саудасының ордасы болып шықты
Білім ордасындағы былық. Шымкенттегі университеттің бірінің спорт залында есірткі притонының жұмысы әшкереленді.
Автор: Бек Әбиев
19.07.2019
Жоғары оқу орнының дене шынықтыруға арналған бөлмесі героин мен анаша саудасын қыздырған базарға айналған. Осы жақта сатылып, тіптен тұтынатындар топтасатын болған. Арнайы операция жүргізген тәртіп сақшылары тәркіленген есірткінің бірнеше түрін сараптамаға жіберді. Дегенмен, полиция департаменті әзірге аталмыш притонның қанша уақыттан бері жұмыс істегенін және ұйымдастырушылар мен ұсталғандар туралы айтуға асықпайды.
Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:
- Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 302 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!