{metadescription}
КТК-да «Жат туыстар» атты жаңа телехикая түсіріліп жатыр
КТК-да «Жат туыстар» атты жаңа телехикая түсіріліп жатыр

КТК-да «Жат туыстар» атты жаңа телехикая түсіріліп жатыр

Байлықпен өлшенген бақыт! КТК арнасы «Жат туыстар» атты жаңа сериалдың алғашқы эпизодтарын түсіріп жатыр. Бұл сериалдың басқалардан ерекшелігі оқиға желісіне әдеттегідей ғашықтар шытырманы емес, әке мұрасына таласқан бауырлар арқау болған. Бір анадан туғанмен, аралары алшақтап кеткен ағайындылардың талай жылдан соң қарашаңырақта қайтадан бастары қосылады. Бірақ, байлықты бөлісу үшін. Жаңа сериалдың қандай жаңалықтары бар?

Фильм желісі талай жыл әкім болып қызмет атқарған бай әкенің өмірден өтуінен басталады. Артында қалған екі баласы дүние-мүлікке ие болу үшін тіптен араздасуға дейін барады. Адамгершілікті ақшаға айырбастаған бауырлардың балалық шақтан бері бір-біріне ет жүректері елжіремеген екен. Осылайша туындыда жақынның жатқа айналуынан бөлек, ішкілік пен құмар ойынға салынған, кәсібінде нәсібінен қағылған кейіпкерлердің бұралаң жолы көрсетіледі.

- Менде көріп тұрған жоқпын мына жерде. Сен өзі сенімдісің ба оларға? Егер мен пара беріп жатқанда мүмкін мені ұстағылары келіп жатқан шығар.

Ағайындылардың екеуі де беделді қызметте істейді. Үйдің үлкені Самат отбасымен Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келеді. Біраз уақытқа дейін кімге бұйырары белгісіз байлық үшін, жат бауырлар бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр. Десе де жоғалған өсиетпен, нотариус қызметкерінің өлімі оларды әуре-сарсаңға салып, драманы одан әрі шиеленістіріп жібереді.

Жанар Мақашева, актриса:

- Мен Айгүлдің рөлін сомдаймын. Үлкен ағасының әйелі. Рөл өте қызық. Мінезі сан қилы. Бір жағынан ол ана болатын болса, бір жағынан күйеуінің көзіне шөп салып жүрген адам. Бірақ оны ақтап алады. Өмірдің заңы деген сияқты.

Ал сериалдағы Айгүлдің көңілдесін танымал актер Дәстен Шәкіров ойнайды. Ол өз мақсаты үшін ештеңеден тайынбайтын әккі жігіттің рөлін сомдайды. Осылайша, Саматтың жұмыстағы орынбасары бастығының әйелі мен жас келінінің басын айналдырады.

Дәстен Шәкіров, актер:

- Мен үшін Талғаттың образы өте қызық болып тұр. Өйткені оның образы бір жерде жақсы, бір жерде жаман. Негізі ол алаяқты ойнайды. Сондықтан жалпы кинода, телехикаяда жағымсыз кейіпкерлерді ойнаған өте жақсы, өте қызық.

Сериалға еліміздің басқа өңіріндегі театрлардан да жас әртістер тартылыпты. Кастингте іріктеуде бірталай қиындықтар да туындаған. Өйткені, телехикаяда ашық сахналар аз емес.

Марина Сүлейменова, кастинг директоры:

- Әсіресе бізге Дана деген героиняны таңдау қатты қиындау болды. Өйткені Дана ол өзінше ашықтау қыз болды. Сол ашықтау қызға көп актрисалар келісім бере алмады. Өйткені біз Қазақстанда тұрғаннан кейін менталитет басқаша. Таңдау қиындау болды. Бірақ жақсыларын таңдадық. Біздің жобада жаңа актерлер өте көп.

Өмірдің сан қилы соқпағын бейнелейтін картинаның алғашқы эпизодтары түсіріліп жатыр. Сценаристер телехикая көрерменнің қызығушылығын оятып, ой саларына сенімді. Ендеше, күз айында көрерменге жол тартатын отбасылық жаңа туындыны бірге тамашалайық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде