{metadescription}
Мәскеуде 10 мыңнан астам адам көшеге шықты
Мәскеуде 10 мыңнан астам адам көшеге шықты

Мәскеуде 10 мыңнан астам адам көшеге шықты

Ресей астанасында 10 мыңнан астам адам шеруге шықты. Акцияға қатысушылар 30-ға жуық тәуелсіз үміткердің Мәскеу қалалық думасына өтпегеніне наразы. Алайда, сайлау комиссиясы тіркелу үшін жиналған қолдың басым бөлігі жарамсыз екендігін алға тартуда. Бірақ, оппозиция өкілдері Владимир Путиннің жақтастары оларды парламентке жібермес үшін осындай қадамға қасақана барып отыр деген пікірде. 

Ресейдің ішкі істер департаменті наразылық шеруге 12 000 адам қатысқан және Мәскеу билігімен келісілгендіктен қамауға алынғандардың жоқ екендігін мәлімдеді. Алайда, «Белый счетчик» ұйымының есептеуі бойынша, алаңға шықандар 22 мыңнан асып жығылады. Тіркелмей қалған тәуелсіз кандидаттардың арасында Илья Яшин, Юлия Галямина, Иван Жданов сынды мәскеулік депутаттар да бар. Айта кетейік, 8 қыркүйек күні өтетін қалалық дума сайлауында бір мандаттық округ бойынша 45 депутат сайланады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде