Украинадағы парламент сайлауында Зеленскийдің партиясы жеңіске жетті
Украинада кезектен тыс өткен парламент сайлауында Владимир Зеленскийдің «Слуги народа» партиясы жеңіске жетті. «Экзит пул» кезектен тыс өтіп жатқан сайлаудың алдын-ала нәтижесін жариялады.
Автор: Әсем Қабылбек
22.07.2019
Сонымен Жоғарғы Рада 5 партиядан жасақталмақ. Сайлауда ең көп дауысты Президент Владимир Зеленскийдің «Слуги народа» партиясы жинаған. Халықтың басым бөлігі қолдап 44 пайыздан астам дауыс беріпті. Екінші орынды 11 пайызбен оппозиция өкілдері иемденіп тұр. Үштікті 8,8 пайызбен Украинаның экс-Президенті Петр Порошенко жетекшілік ететін «Еуропамен ынтымақтастық» партиясы түйіндейді. Жалпы кезектен тыс Парламент сайлауына 20 партия қатысып жатыр. Соның ішінен тек 5-уі Жоғары Радаға өтеді. Жақында Президент ретінде сайланған Владимир Зеленский партиясының жеңісін «әділетті» деп санайды. Енді ол сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асырмақ. Естеріңізде болса, Зеленский мамыр айында қызметіне кірісе салысымен көптің сенімі жоғалған Жоғарғы Раданы таратынын мәлімдеген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!