{metadescription}
Балмұздақтан ауырып қалмау үшін не істеу керек?
Балмұздақтан ауырып қалмау үшін не істеу керек?

Балмұздақтан ауырып қалмау үшін не істеу керек?

Күн ыстықта балмұздақ жеу қауіпті ме? Алматы қалалық денсаулық сақтау орталығының мамандары тұрғындарды сақтыққа шақырып жатыр. Салқын астың сапасы нашар болса немесе сауда орындарының тазалығы сақталмаған жағдайда түрлі дерттің шығу қауіпі жоғары. Алайда шөл басу үшін тәттіге үйір тұрғындар оны елеп жатқан жоқ. Ауырып ем іздемеу үшін қайтпек керек?

Жаз басталса арнайы балмұздақ әзірлейтін құрылғылар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қала көшелерінде қаптап шыға келеді. Тіптен кейбір кәсіпкердің сауда орындары медициналық талапқа да сай емес. Алайда, қаз-қатар кезекке тұрған тұрғындардың көбісі шөл басу үшін санитарлық тазалыққа да мән бере бермейді. Салдарынан түрлі аурулардың шығу қауіпі басымырақ. Өйткені, салқын өнімнің температурасы мен құрамы әркез бақылауда болуы тиіс.

Владимир Пак, балмұздақ шығаратын компанияның бас директоры:

- Барлық азық-түлік өнімдерін сол секілді балмұздақ даярлау кезінде ең бірінші оның стандарттарын жақсылап ұстанған жөн. Мысалы балмұздақ өндіретін ғимараттың іші мен оның сақтайтын орындар 20 градус салқын болуы тиіс. Сондай-ақ оның құрамы да жіті бақылауда болуы қажет. Бұдан бөлек сату орындары да таза болғаны абзал. 

Халықаралық стандарттарға сай балмұздақ дайындайтын компания тәулігіне 5 млн данасын сатады. Бірақ, бұл талапты бәрі ұстанып жатыр деп айтуға келмейді. Қалалық денсаулық сақтау орталығының мамандары тазалыққа салғырт қараудың соңы балмұздақтан улануға әкелетінін тілге тиек етеді. 

Азамат Айсекенов, И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Егер оның әзірлеу технологиясы мен сақтау температурасын сақтаған кезде балмұздақтан ауру жұқпайды. Сонымен қатар, егер балмұздақты сатып алып, оны тұтынуды кейінге қалдырса, бірден салқын жерге сақтаған дұрыс. Өйткені, оның құрамына түрлі микробтар түсуі мүмкін.

Естеріңізде болса, өткен жылы Шымкентте 200-ге жуық тұрғын балмұздақ дайындайтындардың кесірінен ішек инфекциясына шалдыққан болатын. Санитарлық тазалық былай тұрсын, тіпті біреуінің медициналық кітапшасы да болмаған. Енді биыл да мұндай оқиғалар тіркелмес үшін мамандар тұрғындарға аптап ыстықта алатын салқын өнімнің сапасы мен санитарлық орынына назар аудару керектігін ескертуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.