{metadescription}
Түркістанда жұртты субсидия алып беремін деп алдағандар ұсталды
Түркістанда жұртты субсидия алып беремін деп алдағандар ұсталды

Түркістанда жұртты субсидия алып беремін деп алдағандар ұсталды

Түркістан қаласында көп балалы әйел мен сыбайласы ұсталды. Олар жұрттан мемлекетттік бағдарлама бойынша субсидия алып беремін деп алдап, ақша алып отырған. Келіншек пен сыбайласының осы уақытқа дейін 70-тен астам тұрғынды тақырға отырғызып кеткені анықталды. Алайда полицейлер, алданғандар одан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп отыр. Еш жерде жұмыс істемейтін көп балалы келіншек пен танысы екеуі келтірген шығын қазір миллондармен есептеліп жатыр.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Жәбірленушілер 10 мың теңге мен 800 мың теңге аралығында ақшаларын алаяққа бергеннен соң күдіктілер уәдесін орындамай іздерін суытқан. Сондай-ақ, олар жалған уәдемен иеленген ақшаларын өздерінің қажеттіліктеріне жаратып жүрген. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр. Аталмыш жәйт Түркістан қалалық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-шы бабы – «алаяқтық» бойынша тергеп-тексеру тізіміне алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде