{metadescription}
Алматыдағы азаматтық авиация академиясының бір топ шәкірті шетелге біліктілігін көтеруге бара алмаған
Алматыдағы азаматтық авиация академиясының бір топ шәкірті шетелге біліктілігін көтеруге бара алмаған

Алматыдағы азаматтық авиация академиясының бір топ шәкірті шетелге біліктілігін көтеруге бара алмаған

Студенттердің сағын сындырды! Алматыдағы азаматтық авиация академиясының бір топ білімгері басшыларының өздерін алдап түсіргенін айтып шағымданды. Олардың айтуынша, анау-мынау емес, әуе командирлерін әзірлейтін оқу орны Финляндияға жібереміз деп 100 студентке емтихан тапсыртқан. Алайда біліктілігін көтеруге деп бөлінген қаржы жеме-жемге келгенде берілмейтін болып, жастардың жігерін құм қылған.

Бұл – Финляндияға оқуға жолдама ұтып алған ұл мен қыз. «Патрия» деп аталатын халықаралық ұшқыштар мектебінің директоры Азаматтық авиация академиясына өзі келіп, емтихан қабылдаған екен. Сынақтан 100 баланың ішінен осы 12-сі ғана өте алған. Бірақ, көп ұзамай қуаныштары су сепкендей басылыпты.

Лайло Дүйсенбаева, Азаматтық авиация академиясының студенті:

- Басында бәріміз қуандық. Ал сосын екі айдан кейін өтпейтініміз туралы айтқанда, барлығымыз мұңайып қалдық. Біз осы топқа өтуге тырыстық. Енді осындай жағдай болғаны біз үшін өте жаман болып тұр.

Финляндияға бару үшін студенттер авициядағы бар білетінін ағылшынша тапсырған. Сондықтан да көбі 3 сағаттан ғана ұйықтап, көз майын тауысқан. Бірақ, еткен еңбегі зая кеткен. Оған себеп, Қаржы министрлігінен келген хат. Бірнеше ай бойы жатпай-тұрмай дайындалған жастарға олар «ақша жоқ» деп екі парақты бір-біріне қыстырып жіберіпті. Ал «шетелге барасыңдар» деп дәмелендіріп қойған академия басшылары болса, студенттерінің бетіне қарай алмай отырған жайы бар.

Аманжан Телманов, Азаматтық авиация академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры:  

- Департаментке қаржы бөлінсін деп жаздық. Комитеттегілермен сөйлестік. Міне, алдымда комитет өкілі отыр. Игорь Евгеньевич, журналистерден бас тарта алмаймыз. Не істейсің? Олар фин тобына қатысты мәселені көтеріп отыр.

- Кіріңіз, мында отырыңыз.

- Фин тобына қатысты көп нәрсе білмеймін...

Азаматтық авиация комитеті өкілдері де қолдарынан қайран келмейтінін айтады. Академия проректорының кабинетіне кездейсоқ кіріп қалған мемлекеттік бас әуе инспекторы бар мәселені басқа министрлікке жапты.   

Игорь Петяшин, Азаматтық авиация Комитеті куәлік тапсыру басқармасының жетекшісі:

- Бұл сауалдарға тек Қаржы министрлігі жауап бере алады. Қазір оларды тезірек және арзандау қай жерде тәжірибеден өткізе алатынымызды қарап жатырмыз.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы студенттермен алмасу туралы келісімге 2013-ші жылы қол қойылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен осы туралы арнайы сөйлескен еді.  

Содан бері 26 ұшқыш біліктілігін арттырған. Араға алтын жыл салып барып аттанғалы жатқан ұл-қыздар депутаттардан көмек сұрайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде