{metadescription}
«Көйлегін көтеріп тастаған»: 3 жасар қыздың туыстары оның тұншығып өлгеніне сенбейді
«Көйлегін көтеріп тастаған»: 3 жасар қыздың туыстары оның тұншығып өлгеніне сенбейді

«Көйлегін көтеріп тастаған»: 3 жасар қыздың туыстары оның тұншығып өлгеніне сенбейді

Бүлдіршіннің жұмбақ өлімі. Шымкентте 3 жасар қыздың өліміне қатысты тергеушілердің болжамына туыстары сенімсіздік танытып отыр. Себебі, қираған гараждың ішінен табылған сәби мүрдесі көгала қойдай көгеріп, сау-тамтығы қалмаған. Бірақ сараптама жасаған мамандар қыз жәй ғана тұншығып өлді деген қорытынды шығарған. Бүлдіршіннің зорланғанын жасырып отыр деген туыстары ақиқатқа жетеріне сенбей, тергеумен астаналық органдар айналыссын деп отыр.

3 жасар Кәусар Өмірбаеваны жер қойнына тапсырған туыстары енді ботадай боздап отыр. Есік алдына ойнауға шыққан бүлдіршінді жақындары күндізгі сағат төрттер шамасында іздей бастаған. Өздері екі сағаттай іздеп таппаған соң, полицейлерді шақырады. Қыздың шалажансар денесін жеңгесі Айжарқын, үйінен 200 метр жердегі қираған гараждардың арасынан тапқан.

Айжарқын Айтбаева, Кәусардың жеңгесі:

- Мына жерге келсем, шалқасынан жатыр. Сол кезде тұрып, не істерімді білмеймін. Қасына келсем басы бергі жағында, аяғы арғы жағында талтайып кеткен. Бұтында лыпасы жоқ. Көйлегін көкірегіне дейін көтеріп тастаған. Екі аяғы көгеріп кеткен. Бет-аузының бәрі көгеріп кеткен. Ес түсін білмейді. Не істерімді білмей, шокта тұрдым да қалдым.

Үш жасар қыз жедел жәрдем келмей жатып жан тапсырады. Оның денесін зерттеген сарапшылар, «ешқандай зорлық-зомбылық белгісі жоқ» деген қортынды шығарыпты. Әйтсе де, адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалған.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

- Сараптаманың алдын-ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде «құсу массасының механикалық асфиксиясынан», яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар. Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған.

Тәртіп сақшылары іздестіру кезінен бастап құлықсыздық танытты деген жақындары болса, полицейлер қылмысты жасырып отыр деп санайды. Бүлдіршіннің іш киімі неліктен кейінірек басқа жерден табылғанын да айта алмай отыр деген туыстары погондағылардың істі әдейі жауып тастағысы келетініне сенімді.

Клара Өмірбаева, Кәусардың анасы:

- Тұншықса анау беттен бет қалмаған. Мына трусиі жоқ. Е денесінің бәрі көгеріп кеткен ғой. Ондай болмайды, мүмкін емес ол. Тұншыққан қыз е қолында суы жоқ, не тамақ жоқ қой ол. Ол шарананы жұтып қоятындай мен қазір туған жоқпын ғой өле салатындай.

Марқұмның жақындарының айтуынша, қылмыс болған жерде күні кеше ғана ескі көрпе мен киіз жатты дейді. Сәбилерінің зорланғанына сенімді олар, тәуелсіз сараптама жасауға ниетті.

Кәусар Өмірбаеваның ет жақындары мұндай қылмыс бұл ықшамауданда осымен үшінші мәрте болып отыр дейді. Сөздеріне сенсек, алдыңғы жылы 8 жасар, ал былтыр 7 жасар қыз зорланған көрінеді. Бірақ, іс жабылып кетті деген олар, тергеуді елордалық органдар қолға алсын деген талап қойып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде