{metadescription}
Нұр-Сұлтанда жыр болған жеңілрельсті көлік жолының құрылысына бөлінетін қаржы азайтылмақ
Нұр-Сұлтанда жыр болған жеңілрельсті көлік жолының құрылысына бөлінетін қаржы азайтылмақ

Нұр-Сұлтанда жыр болған жеңілрельсті көлік жолының құрылысына бөлінетін қаржы азайтылмақ

Елордадағы жыр болған жеңілрельсті көлік жолы келер жылдың аяғына дейін салынып бітеді. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек бүгін Үкіметте тілшілер сұрағына осылай деп жауап берді. Оның айтуынша, осы аптада астананың даму жоспары бойынша мемлекеттік комиссия отырысы болады. Жобаның тағдыры сонда сөз болмақ.

Қазір жеңілрельсті көлік жолы құрылысының тоқтап қалған себебі, қаражаттың жоқтығы. Оған қажетті 200 миллион доллар «Астана» банкінде бұғатталып қалған. Оның әзірге 9 миллион долларға жуық бөлігін құрылысқа қайтарыпты. Жалпы, о баста жоба 2 миллиард долларға бағаланып, оны Қытай банкі қаржыландырмақ болған. Енді олармен келісім үзілді. Қазіргі мақсат – жобаның құнын арзандату. Мәселен, вагондар саны азайтылуы мүмкін. Ал құрылысқа қаржы көзін табу үшін жобаның құнды қағаздарын ашық нарыққа саудаға шығармақ.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Біз қазір қайта қаржыландырып жатырмыз. Ол әлдеқайда арзанға түседі. Облигация сату арқылы жергілікті нарықтан 800 миллион доллардан астам қаржы тарту жоба үшін аз шығын. Ол облигацияларды қаржы институттары, инвесторлар қорықпай сатып ала алады. Өйткені, оған мемлекет кепілдік беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде