{metadescription}
Қауіпсіздік сертификатын министрдің өзі телефонына әлі орнатпапты
Қауіпсіздік сертификатын министрдің өзі телефонына әлі орнатпапты

Қауіпсіздік сертификатын министрдің өзі телефонына әлі орнатпапты

Қауіпсіздік сертификаты министрдің өз телефонында орнатылмаған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің телефонына ондай хабарлама келмепті. Телефонына сол қосымшаны орнату үшін ол СМС-ті күтіп жүр.

Асқар Жұмағалиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Мен міндетті түрде орнатамын. Өйткені балаларым үшін алаңдаймын. Хабарламаның келуін күтемін. Сосын өзім орнатып аламын.

Министрдің айтуынша, бұл жаңашылдықтың пайдалы тұстары көп. Ең алдымен, экстремизм, мен терроризмді насихаттайтын және кәмелетке толғандарға ғана арналған ұятты видеолар қарауға біраз шектеу қойылады. Дегенмен, министр қауіпсіздік сертификатын орнату әркімнің өз қалауы екенін айтты. Яғни сол үшін ешкімді мәжбүрлемейміз дейді. Бірақ, сертификат орнатпаған жағдайда, ол әлеуметтік желілердің жұмысына кері әсер ете ме деген сұрақты Жұмағалиев жауапсыз қалдырды. Айта кетейік, өткен аптада ел азаматтарының телефондарына жаппай қауіпсіздік сертификатын орнату туралы өтініш хабарламасы келген еді. Елді шошытқаны хабарлама емес, оның ішінде үшінші тараптың жеке мәліметтерін пайдалануға рұқсат беруін сұрауы болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.