{metadescription}
Шымкентте өткен аптада кәсіпкерді атып өлтірген қаскөйлер әлі ұсталған жоқ
Шымкентте өткен аптада кәсіпкерді атып өлтірген қаскөйлер әлі ұсталған жоқ

Шымкентте өткен аптада кәсіпкерді атып өлтірген қаскөйлер әлі ұсталған жоқ

Шымкентте танымал кәсіпкерді өлтіру ісінде жаңа деректер пайда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода, бизнесмен Лексус көлігімен үйінен шыға бергенде сары жилет киіп, көше сыпырушы кейпінде жүрген қаскөйлер аңшы мылтығымен атқан.

Оқиға 19-шы шілде күні Арай көшесінде болды. Арнайы техниканы жалға берумен айналысқан 55 жастағы кәсіпкер, ауыр жарақаттардан ауруханада көз жұмды. Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен кинологтары жұмылдырылған еді. Алайда 4 күннен бері күдіктілерді ұстай алмай жатқан тәртіп сақшылары олардың саны мен қылмыстың жәй-жапсарын да құпия ұстап отыр.

 Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

- Шымкент қалалық ПД-і жергілікті тұрғынды өлтіру жайына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде