Артында 4 баласы қалған. Елімізде тағы бір инспектор табиғат қаскөйлерінің қолынан қаза тапты
Браконерлер инспекторларға тағы да оқ атты. Ақмола облысының Жарқайың ауданында заңсыз аңшылықтың жолын кеспек болған 2 инспектордың бірі, 43 жастағы Қаныш Нұртазинов алған жарақаттан ауруханаға жетпей көз жұмды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
23.07.2019
Қазір дәрігерлер Самат Оспановтың өмірі үшін күресіп жатыр. Екеуі де - «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері. Әзірге, қанды қылмысқа барған топ ұсталған жоқ. Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» автокөлігімен қашқан оларды арнайы жедел-іздестіру тобы іздеуде. Және де Жарқайың, Жақсы, Есіл аудандарының полицейлері жұмылдырылған. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұм Қаныш Нұртазиновтың артында 4 баласы қалды.
Сәкен Ділдахмет, АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми өкілі:
- Санавиация да қосылаған болатын. Бірақ та 1 инспекторымыз жеткізу барысында қайтыс болды. Қазіргі таңда Державинск қаласында 2 ші инспекторға ота жасалуда. Жағдайы ауыр, орта деңгейде. 2 азамат та «Охотзоопром» мекемесінде біраз жыл жұмыс істеп жүрген азаматтар. Екеуі де өте кәсіби, білікті маман. Мынау облыстағы жер аймақты өте жақсы білетін, жұмысына өте тиянақты азаматтар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!