{metadescription}
Қарағандыда ферроқорытпа зауыты ашылды
Қарағандыда ферроқорытпа зауыты ашылды

Қарағандыда ферроқорытпа зауыты ашылды

Қарағандыда жаңадан ферроқорытпа зауыты ашылды. Бұл нысан еліміздегі ферросилиция өндіруден көшбасшы болады деп күтілуде. Себебі, индустрия мен жоғарғы технологиялардың ең соңғы үлгілерімен жабдықталған. Бұдан бөлек, халықаралық талаптарға да сай. 

Еліміздің орталығынан ашылған жаңа зауыт ел экономикасына үлкен серпін бермек. Себебі, өндірілген өнімдердің барлығы экспортқа бағытталған. Темір мен кремнийдің балқытылған қосындысы қөпқабатты тұрғын үйлер, көпірлер мен темір жолдарда кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ өте берік, және игенге өте оңай металл болмақ.

Ерлан Нығматулин, ферроқорытпа зауытының құрылтайшысы:

- Жаңа ферросилицим зауыты біздің қазақстанымыздың индустриясының жоғарығы көрсеткіші деп айтуға болады. Бұл еліміздің инвестиция тарту жолындағы тағы да бір құтты қадам. Бүгінде өндіріс орнында индустрия 4 бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес келетін ең озық инновациялық технологиялар қолданды.

Сапалы өнім алу үшін мұнда күнделікті 350 жұмысшы тер төгеді. Болашақта өнімнің көлемін ұлғайтып, жұмыс күшін арттыруды жоспарлап отыр. Зауыт толығымен соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталғандықтан, мұндағы қызметкерлерге артық жұмыс істеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, үкімет басшысы әлі де болса мұндай нысандардың көпеп ашылатындығына сенім білдірді.

Асқар Мәмин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:

- Облыстың инвестиция көлемі де қарқынды өсіп келеді. Бірінші жарты жылдықта өнім өсім 72 пайызды құрады. Тартылған барлық инвестициялардың 93 пайызы жеке инвесторлар. Ал, оның жартысы шет елдік инвесторлардың қаражаты екенін атап өткен жөн.

Өндіріс орнының басшылары қарағандылық тұрғындарды зиянды қалдықтар үшін алаңдамауға шақырды. Себебі, газбен тазалайтын заманауи жүйе ауаны 100 пайыз таза ұстамақ. Бұдан бөлек, шаңдарды да жинап кейіннен цемен өндіруге қолданатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде