Алматыда қоғамды келісімге үндейтін «Мәміле» клубы таныстырылды
Қазақ тілін үйрететін ерекше пікірталас алаңы. Алматыда қоғамды келісімге үндейтін «Мәміле» клубының таныстырылымы өтті. Ауқымды жобаның іске асырылуына Тұңғыш Президент қоры қолдау білдіріп отыр.
Автор: Мақсат Мәлік
24.07.2019
«Мәміле» пікірталас клубы «Ситуативті қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасыбековтың бастамасымен 2 жыл бұрын дүниеге келген. Осыған дейін өз қаржысымен күнелтіп келген ұйым биыл Тұңғыш Президент қоры жариялаған әлеуметтік идеялар және жобалар байқауында грантқа қол жеткізді. Клубтың мақсаты екі тілге бөлінген орта арасында диалог орнатып, қазақ тілін дамытуды көздейді. Тіпті, клуб отырысына қатысушылар жоба жетекшісінің ерекше әдісімен тіл үйреніп қана қоймай, қоғамдық-саяси мәселелерді де талқыға салады. Ең ұтымдысы, кездесудегі әңгіменің барлығы қазақ тілінде жүргізіледі. Әзірге клуб жұмысы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Талдықорған қаласында қарқын алған.
Қанат Тасыбеков, «Мәміле» клубының жетекшісі:
- Алда тұрған жоспарымыз, осындай 17 клуб ашылса екен дейміз. Осы 17 клубта жұмысты дөңгелетіп алып кетсек, қазақ тілін ересек орыс тілді, ең бірінші орында қазақтарымызға үйретсек дейміз. Өзіміз қазақ болып, өзіміз қазақша сөйлеп кеткенде қалған ұлт өкілдері қосылып кетпей ме?..
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!