{metadescription}
Үйін үптеп, қызын зорлаған. Алматыда 5 үйді тонаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Үйін үптеп, қызын зорлаған. Алматыда 5 үйді тонаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Үйін үптеп, қызын зорлаған. Алматыда 5 үйді тонаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Терезеден төнген қауіп. Алматыда таңғы уақытта 5 үйді тонаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы өзінің арам ойын іске асыру кезінде баспанада тәтті ұйқыда жатқан 17 жастағы қызды да айуандықпен зорлаған. Жасаған қылмыстары толықтай дәлелденгендіктен сот Төкеновті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Тұрғындар 40 жастағы қылмыскер құдды өрмешкідей екенін айтады. Бесінші қабатқа еркін өрмелеп мініп, үшінші қабаттан оңай секірген. Темір торға тоғытылған әккі ұрының артында кәмелеттік жасқа толмаған баласы қалды. Сондықтан, осындай жаза кесілген. Зардап шеккен тарап 15 күннің ішінде сот шешімін  аппеляцияға бере алады. Сондай-ақ, судья материалдық шығындары толық өндіріліп беретіндігін жеткізді. Түрлі психологиялық күйзеліске түстік деген жұртшылықтың бұл шешіммен келіскісі жоқ. Айыпталушының баласын бағатын анасы барын айтқан олар, ұрыға ұзақ мерзімді талап етіп қайтадан шағымданамыз деп отыр.

Ақмарал Әбдіраманова, жәбірленуші:

- Бұл шешімге келіспеймін. Неге? Өйткені екі рет сотталған бұл Төкенов. Оған қалай жеңілдік беріледі? Ол қызының асыраушысы жоқ емес қой. Асыраушысы бар. Анасы бар оны қарап отырған. Ал әйелінің айтуы бойынша осы уақытқа дейін бірге тұрмаған да.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде