Кинотетрларда «Өлтір мені, сүйіктім!» атты фильм көрсетіле бастады
«Өлтір мені, сүйіктім!» Елімізде түріктің тағы бір фильмі көпшілікке жол тартты. Жас отбасының басындағы жүрек тебірентер оқиғалары мен әсерлі сәттері кімді де болсын бей-жай қалдырмасы анық. Сондай-ақ бұл фильм отандық актерлардың қатысуымен дубляждалды.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
25.07.2019
Қалың көрерменді баурап алар түріктің тағы бір фильмі Окан мен Деметтің басындағы шытырман оқиғаларының төңірегінде өрбиді. Отасқандарына 5 жылдан асқанмен, шаңырақтары шайқалудың сәл-ақ алдында тұр. Бір-біріне деген сезімдері суып, сенімсіздіктері арта бастаған әулеттің қуанышы лотореядан 5 миллион ұтып алған уақытта қайтадан жанданады.
Осыған дейінгі түрік кинолары ресейлік киностудиялардың дубляжымен жарыққа шыққан. Алайда, кинодағы кейіпкердің рөліне еніп, дауысын нақышына келтіре алатын Лермонтов театрының актерлары шетелдік әріптестерінен еш кем түспейді.
Майра Қарсақбаева, дистрибьютор:
- Лермонтов театрының актерлары жасайды әр уақытта. Тәжірибесі өте мол. Олар – бізде түрік киносы көрсетіле бастағаннан бері дубляж жасап жүргендер. Сериялдарға жасаған бірінші. Содан кейін үш жыл бойы менің компаниямда дубляж жасап жатыр.
Бүгінге дейін бірнеше туындыға дубляж жасап, көпшілікке ұсынған ұйымдастырушылар, бұл жолы да бағытымыздан таймадық дейді. Олар фильм таңдарда туындының мазмұны мен мағынасына баса назар аударатындарын айтады.
Майра Қарсақбаева, дистрибьютор:
- Қазақстандық менталитетке келетін. Сондай насихат беретін, тәрбиелік мәні бар киноларды таңдап аламын да, дубляж жасаймын.
Қомақты қаражатқа қол жеткізген жұптың ары қарайғы өмірі қандай болады? Берілген сынаққа шыдай ма? Бұл сұрақтардың жауабын бүгіннен бастап барлық кинотеатрларда көрсетілімі басталған жаңа фильмнен табасыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!