{metadescription}
Елімізде балаларға алдағы жылдан бастап тегін дәрі-дәрмек беріледі
Елімізде балаларға алдағы жылдан бастап тегін дәрі-дәрмек беріледі

Елімізде балаларға алдағы жылдан бастап тегін дәрі-дәрмек беріледі

Қазақстанда 2020 жылдан бастап балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылмақ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін осылай деді. Тек, әркім өз бетінше барып ала бермейді. Бұл өзгеріс дәрігерлер белгілеп берген дәрілерге ғана қатысты.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Яғни, өз ақшаңызға дәрі сатып алмайсыз. Оның барлығы медициналық сақтандыру есебінен жабылады. Өте маңызды шаруа болып тұр. Өйткені, елдің емделуге деген ынтасын арттырады.

Бұл жаңалық келер жылдың басынан енгізіледі. Минитрдің айтуынша, медициналық сақтандыру қорында оған керекті қаражат жеткілікті. Соның есебінен, тегін дәрі-дәрмек тарату қолға алынып отыр. Уақыт өте келе тегін дәрілердің таратылу ауқымы да ұлғаймақ. Алдымен 2020 жылдан бастап балалар, сосын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қамтылмақ. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жуырда жалпылама әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері қабылданған. Мәселен, енді бүкіл ел тұрғындары емханаға қаралу мен негізгі ауру түрлері бойынша мемлекет есебінен тегін медициналық көмек алады. Ал, сақтандырылған азаматтар осы күні тапшылық көріп жүрген медицина мамандықтары бойынша тегін кеңес алып, диагнозын қойдыра алады. Қаржыландыруды арттырудың арқасында осыған қол жетіп отыр деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.