Маңғыстау облысында жол апатынан аяғы ауыр келіншек қаза тапты
Ақтау-Құрық тас жолында жантүршігерлік жол апатынан жүкті келіншек қаза тапты. Ал, оның 6 және 10 жастағы қыздарының біріне дәрігерлер ота жасап, өмір мен өлім арасындағы жеткіншекті ажал тырнағынан арашалап қалу үшін барын салып жатыр.
Автор: Мақсат Мәлік
25.07.2019
Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- 10 жастағы қыздың жарақаты ауыр. Бас сүйегі бірнеше жерінен сынып, миы зақымданған және травматикалық шок алған. Оған жедел түрде облыстық балалар ауруханасында ота жасалды. Қазіргі уақытта екеуі де жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды аппаратпен демалуда.
Полицейлер жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр. Бір анығы, екі жеңіл көлік жол үстінде бетпе-бет соқтығысқан. Әзірге «жол ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу басталған. Сондай-ақ, апаттан жүргізушілердің біреуі зардап шеккен. Түрлі жарақат алған оны Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіпті. Дәрігерлер көлікті тізгіндеген азаматтың жағдайы қалыпты екенін айтады. Алайда, анасынан айырылған қос қыздың халі әлі мүшкіл көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!