{metadescription}
Қарағанды облысында сиырлар қатерлі дерт жұқтырып, кейбірі өліп те жатыр
Қарағанды облысында сиырлар қатерлі дерт жұқтырып, кейбірі өліп те жатыр

Қарағанды облысында сиырлар қатерлі дерт жұқтырып, кейбірі өліп те жатыр

Қарағанды облысында ірі қаралар нодулярлық дерматит вирусын жұқтырған. Қазір аймақтың бірнеше елді мекеніндегі 20 сиырдан қауіпті індеттің белгілері байқалса, 3 бас ірі қара өлген. Бір ай бұрын Абай ауданындағы сиырлардан індет анықтала бастаған.

Мал иесі Елена Бунтовская ветеринарға дереу хабар бергенін айтады. Оның сөзінше, мамыр айында сиырда кездесетін вирусқа қарсы екпе салынбаған. Яғни, екпенің құнын қымбатсынған. Әр сиырдың еміне 10-16 мың теңгеден ақша керек. Екпені ауылда 40 бас сиыры бар қожалық қана салдырыпты. Шет ауданы, Ақ ой ауылында қатерлі вируспен ауырған 17 бас сиыр тіркеліп отыр. Қазір барлығы оқшау жерге көшірілді. Аймақта тіркелген нодулярлық дерматиттен соң сиырларды өріске жаюға, сүті мен етін сатуға уақытша тыйым салынды. Індет таралған өңірдегі қора-жайларға түгелдей дезинфекция жасалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.