{metadescription}
Нұр-Сұлтанда бір көше жезөкшелерден тазартылды
Нұр-Сұлтанда бір көше жезөкшелерден тазартылды

Нұр-Сұлтанда бір көше жезөкшелерден тазартылды

Теміржол жанында жанданған тән саудасы. Нұр-сұлтан қаласының полицейлері Гете көшесін сүзіп шығып, «түнгі көбелектерден» тазартты. Тәртіп сақшылары бір түнде 48 бикешті ұстаған. 

Құрыққа ілінген жеңіл жүрісті қыздар бет-жүздерін тұмшалап әлек. Олар тән саудасын теміржол маңындағы пәтерлер мен қонақ үйлерде емін-еркін қыздырып келген. «Түнгі көбелектердің» 12-сі жақын шетелден келген келімсектер. Көші-қон ережесін бұзған мигранттар енді еліне қайтарылады. Сондай-ақ, тәнін табыс көзіне айналдырған жезөкшелерге пәтерін жалға берген 5 азамат айыппұл арқалады. Қыздарды клиенттермен табыстырып жүрген 4 жеңгетай да жауапқа тартылды. Ал, қолға түскен сылқымдардың аты-жөні анықталып, тек тіркеуге алынады. Көше бойын жағалайтындар мен қонақ үйлерде паналайтындарға тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Заңның осалдығынан полиция өкілдері жезөкшелерді жүгендеуге қауқарсыз екендерін жасырмайды.

Софья Қылышбекова, Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Басты мақсатымыз – жеңіл жүрісті әйелдерді анықтау. Өйткені қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне өте көп арыз-шағым түседі. Бұлтыныштықты бұзу және қоғамдық тәртіп бұзу жөніндегі шағымдар. Тексеріс барысында 50 шақты жеңіл жүрісті қыз анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.