{metadescription}
Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер өзін зорламақ болғанын айтып шағымданды
Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер өзін зорламақ болғанын айтып шағымданды

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер өзін зорламақ болғанын айтып шағымданды

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер қорлық көрдім деп шағымданды. Виктория Берікқожаеваның адвокаты ЛА - 155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыны Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкері ұятты әрекетке мәжбүрлегенін айтады. Оған дәлел болатын былғанған жейдесі бар. Осыған қатысты қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.

Виктория Берікқожаева 2017 жылы «Жауғашты» түрмесіне бопсалау бойынша айыпталып, 7 жылға жабылған. Бүгінге дейін өзіне жынысын ауыстырғанына байланысты темір торда намысына тигендер көп болғанын айтады. Оған алаңдаған адвокаты Виктория мен куәгерді басқа абақтыға ауыстыруын сұрайды.

Айман Омарова, В. Берікқожаеваның адвокаты:

- Осы мекемеге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды қызметкері келіп, 19, 20, 24 шілде күндері жаңағыдай сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Сөйтіп Викторияны қорлаған. Ол Викторияға сен осы жердегі адамдарға қатысты заңсыз әрекеттер жасайсың деген. Виктория Берікқожаеваға «осы жерде істейтін адамдардың орны керек, сен соларды әдейі ұстап бересің» дейді. Келіспегені үшін қысым көрсетіп, солай жасаған.

Қылмыстық іс 121 баптың 2 бөлімі, 4 тармақпен тіркеліп отыр. Сондай-ақ, медициналық сараптама орталығына дәлелдер де дер кезінде жеткізілген. Дегенмен қорғаушы бұл істің арты сұйылып кете ме деп күдіктенеді.

Думан Рахманов, Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-144/4 мекемесінің басшысы:

- 24 шілде күні біздің мекемеде отырған Берікқожаева арыз жазы. Ол арызды Іле ауданының ішкі істер бөлімі тіркеп, қазіргі таңда тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Әзірге трансгендерді нақты кімнің зорламақ болғаны белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ бұл Викторияның жазасын жеңілдетуге көмектеспек емес. Яғни ол қандай жағдайда да тиісті 7 жыл мерзімін өтеп шығуға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде