{metadescription}
Табиғат қорғаушыларының қару қолдану мүмкіндігін арттыру керек
Табиғат қорғаушыларының қару қолдану мүмкіндігін арттыру керек

Табиғат қорғаушыларының қару қолдану мүмкіндігін арттыру керек

Жазаны күшейтіп қана қоймай, заңды түбегейлі өзгерту керек. Биыл қыста браконьерлермен алысып, көз жұмған табиғат қорғаушысы Ерлан Нұрғалиетің жақындары осындай ұсыныс айтты. Жуырда Ақмола облысындағы табиғат қорғаушысының өлімінен кейін аң-құспен айналысатын өзге де ұйымдар заңды өзгерту керек деген бастама көтеріп отыр. Өйткені жазаны күшейтумен мәселе шешілмейді. Әңгіме инспекторлардың өз-өзін қорғай алмауында болып тұр дейді мамандар.

Ақмола облысында броконьерлерді қуамын деп мерт болған инспектор Қаныш Нұртазиновтың қазасынан кейін осы сала мамандарының жақындары тағы өре түрегелді. Ұсынысы бір – заңды өзгерту керек. Қаңтар айында табиғат қаскөйлерімен арпалысып көз жұмған қарағандылық инспектор Ерлан Нұрғалиевтің жан досы соны айту үшін журналистер алдына әдейі келді. Мәселен, Үкімет 2012 жылы арнайы қаулымен табиғат қорғау инспекторларының қаруды қолдану тәртібін бекіткен. Сонда мынадай тармақтар бар.

Ғалымжан Тәуекелов, марқұм Е. Нұрғалиевтің ұлының заңды өкілі: 

- Қаулының 9-шы тармағында былай дейді: өзге тұлғалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей қарулы шабуыл жасаған жағдайда ғана инспектор оларға қарсы қару қолдану керек. Ал 10-шы тармағында инспектор қару қолдануға мәжбүр болған жағдайда барынша ұстамды болуы керек дейді. Егер қару қолдануға мәжбүр болса, ол қалай төзіп тұруы керек?

Қорықшыларға қатысты биылғы бірінші қанды оқиға қаңтардың 13-інде болған еді. Киік атып жүрген екі көлікті қуып жеткенде ондағылар табиғат қорғау инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкті соққыға жығады. Ауыр жараланған Нұрғалиев үш күннен соң көз жұмды. Арада жарты жыл өткенде екінші инспектордан айрылдық. Осыдан соң орынды сұрақ туады. Инспекторлар неге өздерін қорғай алмайды? Оның жауабы қарапайым дейді мамандар.

Қайырбек Мұсабаев, «Қансонар» республикалық қауымдастығының бас директоры:

- Киік мүйіздеріне сұраныс көп. Оларды қабылдап отырған жерлер жойылмайды, тасымалдау жолдары қиылмайды. Әсіресе, шекарада. Мәселен, осындай киік мүйіздерін қабылдайтын жер әшкереленді деген ешқандай ресми ақпарат жоқ. Ал инспекторлардың қару қолдану мүмкіндігі шектеулі.

Қайырбек Шахуәлиұлы аңшылық саласын жетік меңгерген. Қазақстан картасында киіктердің қай жерде көп өретінін жақсы біледі. Оның айтуынша, инспекторлардың қаруды көп қолдана алмайтынын броконьерлер біліп алған. Ақмола облысында табиғат қаскөйлерін қуамын деп, солардың оғынан көз жұмған Қаныш Нұртазиновтың өлімі – соның дәлелі. Ал оның қасында болған инспектор Самат Оспанов қазір Көкшетауда облыстық ауруханада жатыр. Оның жағдайын денсаулық сақтау министрі тікелей өз бақылауына алған.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі: ауд.

- Жараланған инспектор менің жеке бақылауымда. Оның жағдайы туралы маған күн сайын баяндап отыр. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Көкшетаудағы ауруханада барлық қажетті емді алып жатыр.

Қаңтардағы табиғат қорықшысының қазасынан кейін браконьерге қатысты жазаны заң жүзінде күшейту мәселесі көтерілген еді. Бірақ сала өкілдері оны жеткіліксіз деп санайды. Олар инспекторлардың қару қолдану мүмкіндігін арттыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар, браконьерлерді ғана емес, киік мүйіздерін шекарада саудалап жүрген сыбайластарын түгел жазалауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде