{metadescription}
Алматы зообағында жан-жануарлар азайып барады
Алматы зообағында жан-жануарлар азайып барады

Алматы зообағында жан-жануарлар азайып барады

Алматы зообағында жануарлар азайып барады. Соңғы екі айда алты бағалы аң түрлі аурудан өлген. Мамандар хайуандардың қырылып жатқанына ветеринарлық қызметтің салғырттығы себеп дейді. 

Өйткені, қолдан алған жануарлардың денсаулығын зообақ ветеринарлары тексеріп алмайды екен. Көбісі түрлі ауруды сырттан жұқтырады. Жақында қызметтік тексеріс жүргізіліп, аңдардың неден өлгені анықтады. Мәселен, жақында арыстанның екі абданы мысықтұқымдастарының ажалы вирустан болған. Мал дәрігерлері Гера мен Ассольдың өмірімен қанша арпалысқанымен аман алып қала алмады. Айта кетейік, комиссия қорытындысы бойынша зообақтың ветеринарлық қызметінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Тиісінше, хайуанаттар бағының бірнеше қызметкері жұмысынан қуылып, тағы бірқатарының қызметі төмендеген.

Константин Плахов, зоолог:

- Мал дәрігерлері жануарлардың алғашқы симптомынан кейін бірден тексеруге алмаған. Мысалы, Ассольді емдегенде талдау нәтижелері қаперге алынбаған. Оған фуросемид препараты салынған. Бұл оған кері әсерін тигізді. Дәрілердің дозалануы жануарлардың салмағына сәйкес берілмеген. Емдеу де үнемі диагнозға сай жүргізілмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде