Елімізге Германиядан келген туристің ұрланған мотоциклі табылды
Алматыда Германиядан келген туристің ұрланған мотоциклі табылды. Шетелдік азаматтың екі дөңгелекті көлігін кеше қонақ үйдің алдына үптеп кеткен еді. Тәртіп сақшылары таңалакеуімде қолды болған көлікті Қаскелеңнен тауып, ұрыны құрықтады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
26.07.2019
Мотоциклмен жер-жаһанды аралап жүрген саяхатшы меншігін қайтарған полиция өкілдеріне алғысын жаудырды.
Клаус-Стефан Штифляген, турист:
- Өз мотоциклімді қайта көргеніме қуаныштымын. Ұрыны дер кезінде ұстап, көлігімді қайтарған полиция өкілдеріне алғыс айтамын. Өте жақсы жұмыс. Мен Германиядан мотоциклмен келдім. Келесі аялдамам – Қытай. Содан кейін Камбоджаға барамын. Бұл көлігім болмаса, жаяу қалар едім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!