{metadescription}
Ұялы телефонға орнатылуы тиіс сертификат тек сыртқы қауіптен қорғайды екен
Ұялы телефонға орнатылуы тиіс сертификат тек сыртқы қауіптен қорғайды екен

Ұялы телефонға орнатылуы тиіс сертификат тек сыртқы қауіптен қорғайды екен

Сертификат тек сырттан келетін қауіпті сүзгіден өткізеді. Бірақ ешкімнің жеке мәліметін біреуге бермейді. Оның қызметі тек хакерлерден қорғау. Цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиев елді дүрліктірген телефон сертификатына қатысты түсініктеме берді. Айтқандай, министрдің өзі де оны орнатып алыпты.

Асқар Жұмағалиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Адамдардың мәліметтері, ештеңе ешкімге берілмейді. Өйткені ешкім ешқанадй ақпарат жинамайды. Сертификат ол сүзгі ғана. Ол ешқандай ақпарат жинамайды.

Осы қауіпсіздік сертификатын құрастырушылар да министрдің жеке мәліметтері ешқайда тарап кетпейтініне кепілдік беріп отыр. Министр ғана емес, сертификатты орнатқан миллиондаған қазақстандықтар да алаңдамаса болады дейді. Өйткені ол сыртқы қауіптерден қорғану үшін жасалған бағдарлама. Мәселен, суицидке шақыратын немесе есірткі мен қару-жарақ саудасына итермелейтін хабарламалар енді телефоныңызға, компьютеріңізге келмейді. Сондай-ақ, жалған сайттар мен адамды мезі қылатын жарнамалардан да құтыласыз. Биліктегілер бұл мәжбүрлі шара екенін айтып отыр. Өйткені соңғы 1 ай ішінде 8 миллион вирус анықталыпты. Ал мемлекеттік органдардың сайттарына 130 мың кибершабуыл жасалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде