{metadescription}
Ақмола облысында бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы бір мезетте істен шықты
Ақмола облысында бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы бір мезетте істен шықты

Ақмола облысында бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы бір мезетте істен шықты

Күйген техника мен күйінген тұрғындар. Ақмола облысының Есіл ауданында бүтін бір ауылдың тұрмыстық техникасы бір мезетте істен шықты. Оған қоса жарық та жалп етіп сөнген. Апаттың ауаны электр желісінен екенін аңдаған адамдар жауапты мекемге жанталаса хабар да берген. Бірақ, күйіп кеткен тұрмыстық техника жайын күйттейтін, шығынды есептейтіндер табылмай тұр.

Тып-тыныш отырған Ковыльное ауылы сол күні азан-қазан болған. Қатты жел тұрған кезде электр жарығы да өшіп, бағанадағы сымдар бір біріне соғылып жарқ-жұрқ от шашса керек. Осы сәтте тұрмыстық техникасын тоқтан ажырату ешкімнің ойына келмепті. Енді міне, барынан айрылып отыр.

Желдеткіші істен шығып, тоңазытқышы жылытқышқа айналған жұртшылықтың жағдайы осы. Техника атаулы түгі қалмай күйіп кеткен. Апаттан соң абдырағандар Есіл аудандық электр желілері компаниясын іздеп, хабар берген. Бірақ, үш күннен кейін келген жауапты мекеменің жауапсыздығы жұртшылық ашуын туғызған.

Әзізхан Әбдірахманов, Ковыльное ауылының тұрғыны:

- Бүкіл жерде кірпіш ілініп тұрды. Кеше РЭС-тен 3-4 жігіт келді. Бағанаға мінді де, сымдарын тартты. Тұрған кірпіштерді телевидение келетінін білді де, алып тастады. Міне, болды. Сымдар бір-біріне оратылып қалмасын деген ғой. Бүкіл ауыл шығынға батып жатыр. Дұрыс емес қой бұл.

Бағанадағы салбырап тұрған сымдарды тартып, апат ізін жоқ қылған электр желісінің мамандары, бір де бір үйге бас сұқпапты. Теледидар, тоңазытқыш, тіпті су айдайтын насостарына дейін күйіп кеткен тұрғындар компания мамандары акті жасап, шығынды өтейтін болар деп сенген. Әйтсе де электр қуатын таратушылар тұтынушылардың өздерін кінәләп отыр.

Руслан Шубенцов, «Есіл аудандық электр желілері» компаниясының бас инженері:

- Қазір ресми жауап әзірлеп жатырмыз. Олар оқиға болған соң 3 күннен кейін хабар берді. Біз барсақ, электр желісі қалыпты жұмыс істеп тұр. Апат болғанда бірден хабарлауы керек еді. Бұл біздің білуімізше, табиғат құбылысы салдарынан. Біздің кінәміз жоқ.

Николай Пономарев, Жаныспай ауылдық округінің әкімі:

- Сол күні элекр желісі компаниясына өзім хабарладым. Бірден келген жоқ. Жұрт жарықсыз отыра ма, амалсыздан жергілікті маман электр жарығын қосты. Енді компания акт жасап, шығынды өтеуі тиіс.

Төлемді кешіктірсе, қара бұлт төндіретін мекеме түлкі бұлаңға салып, шығынды өтеуден қашып отыр дейді тұрғындар. Жауапкершіліктен бастарын ала қашатын болса, сотта кездесеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде