Алматыда екі ер адам автобус жүргізушісін жабылып ұрды
Пышақпен сес көрсетті. Алматыда екі ер азамат автобус жүргізушісін соққының астына алды. Әлеуметтік желіде тараған бейнероликте жүргізушінің кешірім сұрап жатқандығы анық естіледі. Алайда, ашуға булыққан жігіттер шарасыз жүргізушіні аямады.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
26.07.2019
Жүргізушіге ентелеп, жекіген жігіттің о бастағы мақсаты қорқыту болғандай. Осыдан кейін ашуға булыққан азаматтың қасына жолдасы келіп, кабинада отырған автобус жүргізушісіне жұдырығын ала жүгірген. Тіпті, біреуінің қолында пышақ та бар. Дер кезінде әрекет еткен полиция қызметкерлері бұзақыларды құрықтаған. Олар өз кінәларын толықтай мойындап, жүргізушіге моральдық зиян келтіргені үшін айыппұл төледі. Айта кетейік, соңғы бір айдың ішінде автобустың тізгіншісіне екінші рет шабуыл жасалып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!