{metadescription}
Алматыда балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған тәрбиеші ұсталды
Алматыда балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған тәрбиеші ұсталды

Алматыда балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған тәрбиеші ұсталды

Алматыда мектепке дейін тәрбиелеу мекемесінен бала ұрламақ болған тәрбиеші ұсталды. 30 жастағы әйел өзі еңбек ететін мекемеден жеткіншекті ұрлап, ақша талап етпек болған. Алайда, арам ойы жүзеге аспай дереу тұтқындалды. Бір анығы - күдікті соңғы 5 жылдан бері Алматыдағы №96 балабақшада қызмет еткен.

Балабақшадан бүлдіршін ұрламақ болған тәрбиеші осы мекеменің қызметкері. 30 жастағы ару өз тобындағы жеткіншекті ұрлап әкетіп, ата-анасынан ақша бопсалауды жоспарлаған. Алайда арам ойы жүзеге аспады. Бет-аузын тұмшалап кішкентай Әлиханды алып кетпек болғаны бірден күдік тудырады.

Айжан Бекен, №96 балабақшаның тәрбиешісі:

- Мен «Өзіңізді таныстырыңыз» деп сұрадым. «Меня зовут Айнура» деп орысшалап айтты. Бірақ акцентпен сөйледі. Дұрыс айтпады. Тығылып сөйлесті шляпамен, көзілдірігімен. «Все попали в аварию» деді. Бетімен маған қарап сөйлемеді.

Бейтаныс әйел қойылған сұраққа жауап берместен баланы жетектей жөнелген. Тәрбиеші секем алып, жеткіншекке жармасқан. Сол сәт бейнебақылау камерасына жазулы. Айжан Бекен №96 балабақшаға мамырда жұмысқа қабылданыпты. Соңғы 15 күннен бері ересек топқа жауапты. Себебі, олардың тәрбиешісі еңбек демалысында.

Айжан Бекен, №96 балабақшаның тәрбиешісі:

- Дауысын ұқсаттым. Мен ол кісімен бірге 10 күн ғана істедім. Қалған күндері мен басқа топта болдым. Мен дауысын білемін. Қалай жүретінін білемін. Сол кісі баланы ұрлап бара жатқанда, жүрісі мен дауысы ұқсады. Бірақ мен «ол емес қой» деп ойладым.

Мемлекеттік балабақшада бола жаздаған адам ұрлығы елді шошытып отыр. Мекеме басшылығының сөзіне сүйенсек, жеткіншекті ұрламақ болған тәрбиешінің еңбек өтілі – 5 жыл. Тұрмыс құрмаған. Отбасындағы материалдық жағдайы мен денсаулығына қатысты шағымы жоқ. Ақшаға мұқтаж емес.

Эльмира Парпиева, №96 балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:

- Саягүл бізде 5 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрын ондай оғаш қылық көрсеткен емес. Болашағы зор педагог ретінде бағалайтынбыз. Өз ісіне өте жауапты. Балалар және ата-аналардың тілін тез табады. Бәрі оны жақсы көреді.

Басты күдікті ретінде ұсталған 30 жастағы тәрбиеші «Ең үздік педагог» байқауының гран-при иегері. Түрлі сайыста мықты маман екенін дәлелдеген ол қазір қамауда отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Оны Алматы облысының төңірегінен ұстап, Алматыға алып келген болатын. Ол 30 жасар Ж есімді азаматша. Дәл сол балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді екен. Кішкентай баланы ұрлап, сол баланың ата-анасынан ақша бопсаламақшы еді. Осылайша өзінің материалдық жағдайын жақсартпақ болған.

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 125 бабы яғни «адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалды. Ал, баласы ұрлана жаздап, жүрегі шайлыққан ата-ана сұхбат беруге қарсы. Бір анығы кішкентай Әлиханды 4 күннен бері балабақшаға келмеген. Қасқырға қой бақтырған балабақша басшылығы болса қызметкерлер арасында балалардың қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде