{metadescription}
«Анасы қалды аңырап, баласы қалды шырылдап». Браконьердің қолынан қаза тапқан инспектор жер қойнына тапсырылды
«Анасы қалды аңырап, баласы қалды шырылдап». Браконьердің қолынан қаза тапқан инспектор жер қойнына тапсырылды

«Анасы қалды аңырап, баласы қалды шырылдап». Браконьердің қолынан қаза тапқан инспектор жер қойнына тапсырылды

Табиғат қаскөйлерінің оғынан ажал құшқан инспектор Қаныш Нұртазиновты жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Туған жері Қоскөлдіктердің қабырғасын қайыстырған қаралы жиынға облыс әкімі Ерлан Қошанов пен Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысып, батырдың ерлігі ел есінде мәңгі қалатынын жектізді. Қызмет бабында қаза тапқан қорықшы Президент жарлығымен 1-ші дәрежелі Айбын орденімен марапатталды. Сондай-ақ, табиғат қорғау инспекторының есімі Ұлытау ауылындағы бір көшеге берілетін болды.

Жезқазған мешітінде өткен қаралы жиынға келген халықтың қарасы қалың. Әсіресе, Қаныш туып өскен Қоскөл ауылының тұрғындары азаматтарымен қимай қоштасты. Көзі көрсе де көңілі сенбей жүрген жұрт аһ ұрып, бір-біріне басу айтып ақтарылған. Қаскөйлердің қолынан қаза тапқан қорықшыны қараша әділетсіздікке күйінетін, ержүрек азамат еді деп еске алды.

Шахман Рахметов, марқұмның туысы:

- Орман шаруашылығында қорықтарды қорғауда талай азаматтар көз жұмды. Бұған бір тыйым салу керек деп ойлаймын. Артында аңырап анасы қалды, бала-шағасы қалды шырылдап. Халық болып, жұрт болып көмектесіп жатыр, қол ұшын беріп жатыр. Үкімет ұйымдастырды. Рахмет айтамыз.

Қаралы үйге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов кіріп, марқұмның жақындарына көңіл айтты. Президент жарлығымен тағайындалған 1-ші дәрежелі Айбын орденін артында қалған анасы мен бала-шағасына өзі табыстады. Билік тарапынан марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін де жеткізді.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Ол батыр, ол еліміздің батыры, ол тарихта қалатын тұлға бүгінгі күнде. Сондықтан арттағы балаларыңыз осы Қанышты, әкесін мақтаныш қылатын алда жарқын өмір күтіп тұр деп ойлаймын. Біздің бәріміздің мақтанышымыз - Қаныш. Ұлытаудың ұланы. Сондықтан мен сіздерге басу айтамын, көңіл айтамын Елбасының атынан, мемлекет басшылығының атынан.

Естеріңізге салсақ, 23 шілдеде Қаныш Нұртазинов әріптесімен Ақмола облысының Жарқайың ауданында ақбөкен атып жүргендерің ізіне түседі. Қарақшылар өкшелеп келген қорқышыларға қарсы оқ жаудырған. Салдарынан Самат Оспанов ауыр жараланса, Қаныш Нұртазинов дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. 43 жастағы азаматтың артында 4 баласы, анасы мен жары аңырап қалды. Ішкі істер органдарында зейнетке шыққасын соңғы үш жылын табиғат қорғауға арнаған ердің есімін ел ұмытпақ емес. Сондықтан Ұлытау ауданы орталығында бір көшеге Қаныш Нұртазиновтың есімі берілетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде