{metadescription}
Бағасы ең төмен бензин бізде ме?
Бағасы ең төмен бензин бізде ме?

Бағасы ең төмен бензин бізде ме?

Қазақстан бензин бағасы ең төмен ел атанды. Сарапшылардың зерттеуіне сенсек, біздегі жанармай құны Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Тек бензин қанша арзан болғанымен, оның қолжетімділігі бойынша рейтингтегі Қазақстан позициясы төмен. Яғни, 33 мемлекеттің ішінде 18-інші орынға жайғасқан. Себебі, біздегі орташа жалақыға бар-жоғы 844 литр бензин сатып алуға болады. Ал жанармайдың қолжетімділігі бойынша көшті Люксембург бастап тұр. Мұндағы тұрғындардың орташа айлығына  2856 литр бензин келеді. Сұйық отын ең қымбат елдердің бірі болғанына қарамастан, оның қолжетімділігі бойынша Норвегия екінші орында. Айта кетейік, мұнда жанармайдың бір литрі біздің ақшаға шаққанда шамамен 719 теңге тұрады. Алайда, Норвегия өмір сүру сапасының және орташа жалақысының жоғарылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, ондағы тұрғындар үшін бұл өнім қолжетімді. Жанармай қолжетімділігі жөніндегі көрсеткіштің бестігіне Австрия, Ирландия, Ұлыбритания елдері де кіреді. Ал, ең соңғы орында Украина. Тұрмысы орташа украиналық өзінің айлығына небәрі 279 литр бензин ала алады екен. Айта кетсек, жыл басынан бері елімізде бензин 3,9 пайызға арзандаған. Дәл қазір жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің литрі 143-145 теңге аралығында, ал АИ-95 170-тен сатылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде