{metadescription}
Есірткі сатқандарға қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін
Есірткі сатқандарға қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін

Есірткі сатқандарға қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін

Елімізде есірткі сатқандарға қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін. Әсіресе, қауіпті заттарды интернет көмегімен саудалағандарға қолданылатын жаза ауырлай түспек.

Ішкі Істер министрлігі онлайн түрде есірткі саудасын қыздырғандарды 15-20 жылға дейін соттауды, тіпті, өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды. Өйткені, қазір қауіпті синтетикалық заттардың таралуына әлеуметтік желілер мен бақыланбайтын мессенджерлер үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан, тыйым салынған препараттарды алыстан сатқандармен қоса, оны жарнамалағандарды да аямау керек дейді ведомство өкілдері. Құзырлы орган қауіпті заттарға үгіт-насихат жасағандарды 4 жылға соттау керек деген ұсыныс тастады. Ал, есірткі жарнамасы электронды ақпарат ресурстарының көмегімен жүзеге асса, онда жаза 8 жылға дейін өсуі бек мүмкін. Бұл ұсыныстар енді Мәжіліске қаралатын болады.

Илья Канцеров, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері:

- Жыл басталғалы есірткі сатумен айналысатын 3800 сайт анықталды. Олар санаулы күнде бұғатталады. Бірақ бұл сайттардың әкімшілеріне қарсы жұмыс істеу өте қиын. Өйткені сайттардың домендік аймағы еліміздің шекарасынан тыс жерде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде