Пәкістанда әскери ұшақ үйге соғылып, 17 адам қаза тапты
Пәкістанның Равалпинди қаласындағы тұрғын үйге әскери ұшақ соқтығысты. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапқан. Оның бесеуі әуе кемесінің бортындағы қызметкерлер болса, 12-і сол аймақтың тұрғындары. Одан бөлек 16 адам жарақаттанған.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
30.07.2019
Ұшақ жерге құлаған сәтте демде өрт шығып, жалын бірнеше үйді шарпыған. Апат орнында жұмыс істеп жатқан құзырлы органдар әуе кемесінің үлгісін анықтау үстінде. Сондай-ақ, оқыс оқиғаға не себеп болғандығы сараптама қорытындысынан кейін анықталады. Жергілікті бұқаралық ақпарат кұралдары әскери ұшақ арнайы жаттығу кезінде қайғылы жағдайға тап болғанын жазып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!