{metadescription}
Елімізде азық-түлік бағасы тағы өсіп жатыр
Елімізде азық-түлік бағасы тағы өсіп жатыр

Елімізде азық-түлік бағасы тағы өсіп жатыр

Елімізде азық-түлік бағасы шарықтап барады. Шілде айының басынан бері ет пен нан өнімдерінің құны өсіп, жазда жаппай саудаланатын көкөністер керісінше арзандаған. Сонымен қатар, сусындар мен сүт өнімдері де қымбаттап тұрғындардың қалтасын қағуда.

Мысалы бір айдың ішінде жылқы еті 2,9 пайызға артса, қойдікі 2,3 пайызға өскен. Сондай-ақ, құс еті 1,2 пайызға көтерілсе, сүт, балық және теңіз өнімдері 1 пайызға қымбаттаған. Ал, ұнның жоғарғы сорты 1,6 пайызға өссе, нанның бағасы 1 пайызға дейін көтерілген. Ал, жеміс-жидектер жазда арзандаған. Қызанақ 20 пайызға, қияр 16, орамжапырақ құны 14 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, ішімдіктің бағасы 1 пайызға өссе, қалған сусындардың құны әзірге тұрақтылығын сақтап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде