«Рус, жарайсың!» Ақтауда видеоға түсіп қалған бұзақылар ұсталды
«Рус, красавчик» деп аталып кеткен видеоға түсіп қалған бұзақылар анықталып, біреуінің ісі сотқа жолданды. Ақтауда болған жайтқа қатысты полиция осындай ақпарат таратты.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.07.2019
Бекбол Қорғанбаев, Ақтау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Осы аталған дерек бойынша, 293-баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, сотқа жолданды. Оқиға кезінде көмекке келген Руслан деген азамат осы қылмыстық іс бойынша қудаланбайтын болды. Себебі, оның бұзақылықты тоқтату мақсатында әрекет еткені анықталды.
Оқиға шілденің 19-ында Ақтаудың екінші ықшамауданында болған еді. Куәгерлер түсірген видео «Рус, красавчик!» атауымен интернетте таралды. Онда бір жігіт біреуді төпелеп ұра бастайды. Қалған екеуі жанында жанжалды ажыратпай, қарап тұрады. Алайда аяқасты жетіп келген Руслан Мұхамбетқалиев есімді жігіт негізгі бұзақының қасындағы екеумен қоса сазайын береді. Айта кетерлігі, видеодағы жұдырық жұмсаған негізгі тентектің ісі сотқа жолданған. Ол енді 12 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін. Ал қасындағы қарап тұрған екеуінің ісі бөлек қаралып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!