{metadescription}
Нұр-Сұлтанда элиталық үйдің тұрғындары құрылыс компаниясымен дауласып жатыр
Нұр-Сұлтанда элиталық үйдің тұрғындары құрылыс компаниясымен дауласып жатыр

Нұр-Сұлтанда элиталық үйдің тұрғындары құрылыс компаниясымен дауласып жатыр

Байлар мұңын шақты! Нұр-Сұлтанда ең элиталық үйлердің бірінің тұрғындары наразылық білдірді. Өздерінің айтуынша, олардан қыруар ақша алған құрылыс компаниясы бастапқыда үйіп-төккен уәдесін соңына дейін орындамаған. Атап айтқанда, аулаға жұмсақ кілемнің орнына тас, ал табиғи көгалдың орнына қолдан жасалған шөп төсей салыпты. Ал шілденің аптап ыстығында салқын самалын есіп тұруы тиіс субұрқақты сол күйі орнатпаған.           

Бұл бәрі армандайтын, бірақ екінің бірінің қолы жете бермейтін «Аристократ» атты тұрғын-үй кешені. Аты айтып тұрғандай, баспана кілең ақсүйектерге арналған. Француз үлгісімен салынған 9 қабатты зәулім үй хан сарайындай. Ішінде, тіпті хауызы да бар. Ал ауласы аяқ киімді шешіп жүруге болатындай. Әр қадам сайын шамдар қойылған. Сондықтан болар, бағасы да удай қымбат. Бір бөлмелі пәтердің өзі 57 миллион теңге. Десе де, осындай жерде өмір сүріп жатқан жұрттың көңілі жабырқаулы.    

Әсел Түсіпбаева:

- Көк шөп өте аз. Одан соң резеңкеден есік алдына жұмсақ кілем төсейміз деген. Оны төсемеді. Орнына жасанды шөп төсей салды.

Тұрғындар аулада жұмсақ кілемнің үстімен жүргісі келген. Бірақ оның орнына жасанды шөпті басып жүр екен. Ал оған кінәлі - уәдесінде тұрмаған құрылыс компаниясы. Мердігер күндіз-түні салқын самал есіп тұратын субұрқақ орнатамыз деген көрінеді. Бірақ сол күйі сөзінде тұрмапты. Жалпы, үйдің о бастағы жоспары сұмдық. Әрбір кіреберіске камин, ал есіктерді қымбат қызыл ағаштан қоюы керек болған. Осының бәріне ақшаны аямай төккен тұрғындар енді лифтінің кесірінен түн ұйқысының бұзылып жүргенін айтады.

Сәбира Сүлейменова:

- Лифтінің дауысы жарылғыш зат жарылғандай боп гүрс ете қалады. Зәреміз қалмайды. Тәтті ұйқыдан айырды.

- Ал егер кішкентай баланы басып қалса, не істейді?

Яғни жеделсаты бір жабылса, ашылмайды. Онымен қоймай, аса қымбат үйдің қабырғасы жарылып, сылағы түсіп жатыр. Бірақ аристократтықтардың талабы бүгін-ертең орындалмайтын түрі бар. Себебі, олардан қып-қызыл ақша алып үй салған компаниялар бір-бірімен соттасып жатыр.

Думан Елемесов, «Сұлтан Лимитед» ЖШС өкілі:

- Құрылыс компаниясы құрылыс кезінде кеткен кем-кетіктерді жасауы тиіс еді. Бірақ олар жасамай отыр. Енді соттың шешімін күтеміз.

Белгілі болғанындай, құрылысқа жауапты қос компания өзара ақша бөлісе алмай қалған көрінеді.  

- Егер қаржы қолымызға тисе, бұл жұмысты бітіреміз.

- Сонда қанша ақша керек?

- 15 миллион.

Сот біткенде ғана қай компанияның кем-кетікті жөндейтіні шешіледі. Ал әзірге тұрғындардың су бұрқақсыз тыныстап, жасанды шөпті баса тұруына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.