{metadescription}
Алматылық әнші өз күйеуінің азаптағанын жалпақ жұртқа жария етті
Алматылық әнші өз күйеуінің азаптағанын жалпақ жұртқа жария етті

Алматылық әнші өз күйеуінің азаптағанын жалпақ жұртқа жария етті

Күйеуінің ұрып-соғып, азаптағанын айтты. Алматылық әнші Ксения Ашығалиева әлеуметтік желі арқылы араша сұрады. Оның айтуынша, 7 жыл отасқан жары, гитарашы Бауыржан Ашығалиев досымен бірге оны әбден қинаған көрінеді. Өзгелерден көмек сұрап, әрең жанымды аман алып қалдым деген әнші полицияға арыз түсіріпті.

Ксения Ашығалиева:

- Төменге, жертөлеге түстік. Қолдарында қара пакет болды. Ішінде кісен бар. Өтінемін, жіберіңдерші деп жалындым. Ол маған мүмкіндік беруің керек деді. Мен бәрімен келістім. Олар қолдарымды байлаған жоқ. Екі жағымнан ұстап сыртқа шығарды. Сол кезде адамдар өтіп бара жатқан. Жанұшыра көмек сұрап, полиция шақырыңдар дедім.

Ксения Ашығалиеваның денесінде сау тамтық қалмаған. Көз жасын көлдеткен әнші жарының қалтарыста досымен тап беріп, жертөлеге сүйрей жөнелгенін, артынша тіпті өлтіругісі келгенін айтады. Қатты шошып қалған әнші өз өмірі үшін алаңдайтынын жеткізіп отыр. Айта кетейік, 7 жыл отасқан Ксения мен Бауыржан отандық топта бірге өнер көрсеткен. Екі баласы бар елі-зайыптылардың аралары суып кетсе де, әзірге ресми түрде ажыраспапты. Ал Ксенияның жолдасы Бауыржан Ашығалиев әйелім қып-қызыл жала жауып отыр дейді. Оған ешқашан қол көтермедім деген Бауыржан сол күні әйелінің өзі жанжал шығарғанын айтады. 

Бауыржан Ашығалиев:

- Мен шілденің 28-інде болған оқиғаны жоққа шығарамын. Маған жала жауып тұр. Оны ешкім ұрған жоқ. Ол ажырасуға арыз жазып, менен кеткен кезде балаларыммен кездесуге мүмкіндік бермеді. Балаларды алға тартып, үнемі бопсалайтын. Сол күні кездесіп қалғанымда сөйлесейік дегенмін, қаша жөнелді. «Мені мына адам өлтіргелі жатыр» деп айқайға басты. Барлығын сол жердегі үш күзетші көріп тұрды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде