{metadescription}
Алматыда соққыға жығылған автобус жүргізушісі мен оған қол жұмсаған самокат иесі келісімге келді
Алматыда соққыға жығылған автобус жүргізушісі мен оған қол жұмсаған самокат иесі келісімге келді

Алматыда соққыға жығылған автобус жүргізушісі мен оған қол жұмсаған самокат иесі келісімге келді

Ақша беріп татуласты. Алматыда соққыға жығылған автобус жүргізушісі мен оған қол жұмсаған самокат иесі келісімге келді. Екі аяқты көлік құралын тақымдап, көше бойында тайраңдаған азамат жәбірленушіге ақшалай өтемақы төлепті. Бірақ қаржының көлемі құпия сақталып отыр.

Автопарктің мәліметінше, таяқ жеген егде кісі ымыраға ыңғай танытыпты. Ал, жолға таласып жұдырық ала жөнелген самокат жүргізушісі кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Естеріңізге салайық, осы айдың басында Алматы көшелерінің бірінде электросамокат мінген жігіт автобусты тізгіндеген әкесіндей адамды сабап тастаған еді. Тіпті, көлік ішінде және көшеде сойқан салған ол қаша жөнеліп, көліктің астына түскен. Кейін оған қатысты бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Алғашында жәбір көрген азамат өзін ұрған сотқар самокат иесі кешірім сұрамақ түгілі, қорқытып-үркітіп жатқанын айтқан болатын. Ал, жол үстіндегі оқиғадан соң Ішкі істер министрлігі самокат мінгендерге жаңадан талап енгізілуі мүмкін екенін жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде