Елімізде пойыз билетін алып сататындармен жаппай күрес басталды
«Қазақстан темір жолы» алыпсатарлармен күресудің жаңа жолын тапты. Компания басшыларының айтуынша, жаңа жүйе пысықайларға жол жүру билетін тез арада біреудің атына қайта жаздыруға мұрша бермейді.
Автор: Ербол Тұрымбет
31.07.2019
Қанат Әлмағамбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
- Алыпсатарлар қаалй істейді? Олар адам көп жүретін бағыттардың билеттерін 45 күн бұрын сатып алады. Сосын оны іздеген адамдарды тауып, олардың мәліметтерін жазып алады. Сөйтіп, түн ортасында алдын ала сатып алған билетін қайта өткізіп, дереу билет іздеген жолаушының мәліметтерін енгізіп, соның атына сатып алып береді.
«Мобиус» деп аталатын жаңа жүйе енді ондай қулыққа жол бермейді. Яғни, билетті кері өткізіп, сол адам оны дереу қайта рәсімдей алмайды. Өйткені жаңа жүйе оны бұғаттап тастайды. Сөйтіп, ол билет кезек күтіп тұрған басқа жолаушыларға тиеді. ҚТЖ басшыларының ойынша, осыдан соң алыпсатардардың мұндай тірлікпен айналысуға ниеті де қалмайды. Олардың айтуынша, мұндай қулық, әсіресе, билет сататын жеке агенттіктер арқылы жүзеге асырылады. Өйткені алыпсатарларға көмектесіп отырған солар дейді компания өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!