{metadescription}
Өнерлі отбасындағы жанжал жұбайлардың бірінің қамалуына әкеп соқты
Өнерлі отбасындағы жанжал жұбайлардың бірінің қамалуына әкеп соқты

Өнерлі отбасындағы жанжал жұбайлардың бірінің қамалуына әкеп соқты

Күллі елдің назарын аударған отбасылық жанжал қамаумен аяқталды. Әнші әйелін ұрып-соғып, өлтірмек болды деп айыпталған гитарашы Бауыржан Ашығалиев уақытша тергеу абақтысына жабылған. Күні кеше  Ксенияның көмек сұрап, басындағы сұмдығын жайып салған видеосы әлеуметтік желіде желдей есті. Іле-шала жары Бауыржан да өзінің сүттен ақ, судан таза екенін айтып ақталған еді. Дегенмен, құзырлы органдар оны қамауға алу туралы шешім қабылдаған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Алматы қаласының полиция департаменті азамат Ашығалиевтің Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша оқшаулау абақтысына қамалғанын хабарлап отыр. Жуырда азамат Ашығалиев сот алды тергеу кезінде бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жөнелтіледі.

Естеріңізге салсақ, кеше Ксения Ашығалиева көгала қойдай денесін көрсетіп, бұл күйге күйеуінің түсіргенін мәлімдеген еді. Әрі мұндай қорлыққа бұрыннан төзіп келе жатқанын жеткізген. Үсті-басының сау-тамтығы қалмаған әйел талай таяқ жегенім аздай, тапқан табысымды жолдасым тартып алып отырды дейді. Ал, өткен жексенбіде Бауыржан мен досы келіншекке шабуыл жасапты. Ксенияның айтуынша, басына қап кигізіп, мына жертөлеге апарған. Сөйтіп, біржола құтылу үшін өлтірмек болған көрінеді. Алайда, қамауға алынған гитарашы мұның бәрін қып-қызыл жала деп отыр. Тіпті, Ксения денесін өзі көгертіп, жарақатты қолдан жасаған дейді. Арадағы 2 баланы көрсетпей, әбден қинады деп, керісінше, әнші әйелдің өзін айыптады. Айта кетейік, жанжалдасып жатқан музыканттар заң жүзінде ажыраспаған. Олар бір шаңырақ астында 7 жыл тұрыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде