{metadescription}
Ақтауда күштік құрылымдар құрықтаған қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды
Ақтауда күштік құрылымдар құрықтаған қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды

Ақтауда күштік құрылымдар құрықтаған қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды

Ақтауда жуырда күштік құрылымдар жолын кескен аса қауіпті қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Олар тергеу біткенше 2 ай бойы абақтыда отырады.

Тұтқындалған күдіктілерден қару-жарақ, есірткі және ақша табылып, тәркіленген.

Нақтырақ айтсақ, тінту кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі Істер министрлігінің қызметкерлері олардан ТТ және Макаров тапаншаларын, револьвер мен оған арналған дауыс тұншықтырғыш, Сайга карабині, 3 травматикалық тапанша, 9 ұңғысы кесілген шолақ мылтық, 160-тан аса оқ-дәрі, есірткі, түрлі суық қару және 600 мың теңгеге жуық ақша тапқан. Еске салсақ, ауқымды арнайы операция өңірде 29-ыншы шілдеде өткізілген болатын. Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы барын мәлімдеді. Яғни, кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлау, ақша бопсалау, заңсыз есірткі мен қару-жарақ сақтау жәйттері. Жолы кесілген қылмыстық топтар ұйымшылдығымен және ешкімнен қорықпайтын батылдығымен ерекшеленген. Күштік құрылымдар бір уақытта қылмыскерлер тұрып жатқан 30 орында тінту жүргізген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.