{metadescription}
Петропавлда жылу маусымына дайындық тежеліп тұр
Петропавлда жылу маусымына дайындық тежеліп тұр

Петропавлда жылу маусымына дайындық тежеліп тұр

Қыстың қамын жазда ойла. Петропавлда жылу маусымына дайындық тежеліп тұр. Мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің тек 16 ғана жылудың іске қосылуына әзір. Шенеуніктер мен энергетика мамандары жылудан ажыратамыз деп қорқытса да жұртшылықтың жағасы жайлауда. Қысымды өлшеп, құбырларды шаю үшін тұрғындар қаражат жинауға асығар емес.

Ольга Белова, пәтер иелері кооперативінің басшысы:

- Біз дайындалып жатқан жоқпыз. Себебі, ақша жинау өте қиын. Кім берді деп сұрайды. Ешкім десек, содан кейін беремін деп қашқақтайды. Сонымен қатар, егер біз қысымды дер кезінде өлшетпесек, жылу жүйесінен ажыратып тастайтындарын да бірнеше рет айтқан болатын. Ондай болса пеш жағуға тура келеді.

Солтүстікке суық ерте келеді. Сондықтан, әр жылдың 20 қыркүйегінен жылу беріледі. Бірақ, биыл өздерінің немқұрайлығынан тұрғындар жылусыз қалулары мүмкін дейді атқамінерлер. Бір шетінен ешқандай дайындық жұмыстары жүргізілмеген.

Мадияр Жанқудин, Петропавл қаласы әкімдігі Тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Бүгінгі таңда тек оннан бір бөлігі ғана қалыпқа келтірілді. Ал бір бөлігіндегі жертөлелерде тіпті ешқандай жұмыстар атқарылған жоқ. Осының салдарынан біздің де жұмысты уақытында бітіруіміз мүмкін болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде