{metadescription}
Елімізде суға кетіп, ажал құшқан адамдардың саны биыл 200-ге жеткен
Елімізде суға кетіп, ажал құшқан адамдардың саны биыл 200-ге жеткен

Елімізде суға кетіп, ажал құшқан адамдардың саны биыл 200-ге жеткен

Елімізде суға кетіп, ажал құшқандардың саны қазірдің өзінде 200 адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш. Биылдың өзінде бір ғана Шығыс Қазақстан облысы бойынша 31 адамның өлімі судан келген. Сондықтан семейлік құтқарушылар өзен жағалауларына жаппай рейд жүргізуде. Әйтсе де, олар жұрт ескертуді елемейді деп қапалы. Ал тұрғындар шаһарда суға шомылатын арнайы жағажайлардың жоқтығына наразы.

Жайдарлы жаздың аптап ыстығы Шығыс Қазақстан облысын қыспаққа алды. Аталмыш өңірде екі күннен бері сынап бағынасы кей жерлерде 40-42 градустан төмендемей тұр. Сондықтан өзен жағалауларына жиналған жұрттан ине шаншар орын жоқ.

Ала жаздай семейлік құтқарушылардың мазасы кеткен. Өзен бойын жағалап, жұртқа ескерту жасаумен әлек. Ережені елемейтін, қауіпсіздік талабын сақтамайтындар көбейгендіктен бе, суға батты деген сүреңсіз статистика былтырғыдан екі есеге көбейген. Арнайы парақшаларды таратқанмен, оның парқына барып жатқандар аз дейді-төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері.

- Ата-аналарға ескерту: Мұқият болыңыздар! Балаларыңызды көзден таса қылмаңыздар!

Осылайша, амалы таусылған  мамандар шомылушыларды қайықпен қадағалауға көшкен. Себебі, ащы суға сылқия тойып, қауіпті аумаққа ойланбай сүңгитіндер көбейген көрінеді. Ал тұрғындар шомылатын арнайы орын қарастырылмағанына наразы. Сондықтан иірім жерлерге белгі қойылғанымен, оны елемеуге мәжбүр екен.

Болат Жүнісбаев, Семей қаласының тұрғыны:

- Бәрі қауіпті аймақтарда шомылып жүр. Енді қайда түсеміз? Қалада арнайы шомылатын орын жоқ. Ал өзенде ағын қатты. Соның салдарынан 7 адам батып кетті емес пе?

Арнайы жағажайлардың жоқтығын судан құтқарушылар да мойындап отыр. Олар бұл түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін жергілікті билікке өтініш те жолдаған екен.

Бақытбек Байбуров, Семей қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы:

- Бізде рас суға түсетін арнайы орын қарастырылмаған. Енді, жергілікті билік 5 млн. теңге қаржы бөлді. Қазір сметалық құжат жасалып жатыр. Келесі жылы понтонный мосттың қасынан қалалық пляж ашылады.

Жыл басынан бері елде суға кетіп, құрбан болғандардың саны 200 адамға жеткен. Жаз маусымы әлі аяқталмағанын ескеретін болсақ, бұл статистика әлі де өсуі мүмкін. Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.