{metadescription}
Баспанаға зар болған запастағы әскерилер наразылық білдірді
Баспанаға зар болған запастағы әскерилер наразылық білдірді

Баспанаға зар болған запастағы әскерилер наразылық білдірді

Алматыда запаста жүрген баспанасыз әскерилер наразылық білдірді. Олардың айтуынша, Қорғаныс министрлігі заңда көрсетілген талаптарды орындамай отыр. 10-20 жыл әскерде қызмет еткендер зейнетке шығып үйсіз жүр. Көптің талабы ақшалай өтемақы. Себебі, құзырлы ведомоства ұсынған үйлер өте ескі, әрі тұруға жарамсыз.

Запастағы баспанасыз әскерилер базынасын айту үшін Алматыға арнайы келген. Бұл саналы ғұмырын армияға арнаған майорлар мен сержанттар. Арасында Сарыөзек, Шеңгелді, Қапшағай, Отар, Арыс және Жібек жолы гарнизонының бұрынғы қызметкерлері бар. Көптің жалғыз тілегі баспаналы болу.

Шарапат Құлатаева, Отар гарнизонының бұрынғы қызметкері:

- Пәтерімізді алды да, бізді қалашықтан шығарып жіберді. 8 адамбыз. Енді үйіміз жоқ. Қазір Алматыдамыз. 2 әйел осы Алматыда жүрміз. Пәтер жалдап тұрамыз. Менің алатыным – 90 мың теңге зейнетақы. Ол 90 мыңның 60 мыңын пәтерге беремін.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Әскери қызметшілер мен олардың мәртебесі» және «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңдарға өзгеріс енгізілген. Оған сәйкес, әскерилер өздері тұрып жатқан үйді жекешелендіре алмайды. Өйткені, нысан жабық немесе оқшауланған әскери қалашықтарда орналасқан. Бірақ, ол пәтерлерді Қорғаныс министрлігі ұсынған басқа пәтерге алмастыруға болады. Алайда олардың басым бөлігі тұруға жарамсыз. Орнына ақшалай өтемақы төлесін дейді.

Халима Тұрсынова, Шеңгелді гарнизонының бұрынғы қызметкері:

- Алмастыратын үйлердің керегі жоқ. Ол үйлер кейін бұзылады. Соны бізге беріп жатыр. Ең аз дегенде, оның үстінен 8 млн теңге Қорғаныс министрлігіне төлеуіміз керек болады.

Әскер ардагерлерінің айтуынша, олардың құқықтары тиісті дәрежеде ескерілмеген.

Өмірбек Бөріқұлов, запастағы майор:

-  2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі әрекет еткен заңдар бойынша заң нормалары бойынша бізге өтемақы төлеуі керек еді. Алайда 2015 жылдың 3 қаңтарынан бастап ауызша түрде тыйым салынып жақтан өтемақыны ЭКСПО-2017 біткен соң төлеуді жалғастырамыз деп айтылған болатын. Алайда ол уәделері де орындалған жоқ.

Зейнет жасына жеткен әскерилер заңның кесірінен осындай ескі жатақхананы паналауға мәжбүр. Мұнда 40 шаршы метрді 2 отбасы да бөліседі екен. Бөлмелер болса адам санына қарай бөлінеді.

Ізбасар Айтанов - Қапшағай қаласындағы әскери гарнизонының бұрынғы қызмкеткері. Соңғы 11 жылдан бері 5 қабатты ескі казармада тұрады. Қазір жасы 53-те. Үш ұлы бар. Үлкені 18-ге толды. Кенжесі Батырхан сал ауруына шалдыққан. Запастағы старшина еңбек өтілі 20 жылға жетпегендіктен өтемақыға ілікпеген.

Ізбасар Айтанов, запастағы старшина:

- Менікі 20 жылға толмады. 18 жылдан аспай қалды. Шекті жасыма келіп зейнетке шығып кеттім. Әскери зейнеткермін қазір. Жаман айтпай жақсы жоқ, ертең олай бұлай болып кетсем, Үкіметке қайтадан қайтарылады. Ал бала-шаға не істейді?

Әскери қызметкерді зейнетке шыққасын үй кезегінен алып тастаған. Қорғаныс министрлігі Алматыда жиналған әскерилерге басқа уәж айтады.

Әрсен Шәріпов, Қорғаныс министрлігі әскерилерді пәтермен қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы:

- Запастағы әскерилер қызметтен кетердің алдында 3 жыл бұрын тұрғылықты жері бойынша үй алу үшін өтініш жазулары керек. Сол кезде баспана кезегіне қойылып, үймен қамтамасыз етіледі. Көбісі осыны орындамаған болып отыр. Ал, әскери өтілі 20 жылға жетпеген қызметкерлер өтемақы ала алады. Одан бөлек өздері «Әскери баспана» бойынша үй алуларына болады.

Осылайша, қорғаныс саласының өкілдері бұрынғы қызметкерлердің ешқайсы далада қалмайды деп сендіріп отыр. Тек запастағы әскерилер тұрғылықты жері үй кезегіне тұру туралы өтінішті жазуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.