{metadescription}
Алматыда белгілі психологты біреу кастетпен ұрып, бетінен түк қалдырмаған
Алматыда белгілі психологты біреу кастетпен ұрып, бетінен түк қалдырмаған

Алматыда белгілі психологты біреу кастетпен ұрып, бетінен түк қалдырмаған

Алматыда әйгілі психолог соққыға жығылды. Әйелге үйінің ауласында тап берген бұзақы оны бетінен кастетпен оңдырмай ұрған. Ал, келіншекті түрінен түр қалдырмай темір қарумен жұдырықтаған кәдуілгі таксист екен. Бір ажалдан аман қалған психологтың туыстары полицейлердің әрекетіне ашынған. Олардың айтуынша, тәртіп сақшылары қаскөйді ұстаған күні-ақ босатып жіберіпті.

Светлана Божко өмірден баз кешкен қыз-келіншектерден қашанда кеңесін аямаған психолог. Сонысымен де танымал. Бірақ, қазір оның өзіне көмек керек болып тұр. Себебі, әйелдің түрінен түр қалмаған. Туыстарының айтуынша, келіншекті үйінің ауласына әлдебір бұзақы басып кіріп, кастетпен оңдырмай ұрыпты. Қаскөйдің жауыздығы дәрігерлерді жаға ұстатқан. Әйелді аямай темірмен ұрған бұзақы оның мұрнын бұзып, жағын сындырыпты. Одан қалды, бет сүйегін де бірнеше жерден сындырған. Сол себепті де, бастапқыда оны ешбір аурухана қабылдамай қойған. Тек келіншек қатты қансыраған соң ғана ота жасауға келісіпті. Әр қайсысы 4 сағатқа созылған екі операциядан соң әйел әрең дегенде көзін ашқан. Десе де, соққыдан сөйлей алмайды.  

Оқиға мына үйдің ауласында болған. Күдікті психологтың артынан ілесіп ішке енген екен. Сөйтіп, әй-шәйға қарамастан соққыға жыққан. Бұзақы көп ұзамай ұсталды. Мәліметтерге қарағанда, қалада жолаушыларды тасып жүрген 28 жастағы таксист екен. Бірақ, сорақысы сол, түрі кісі танымастай болған келіншек оны танып тұрса да, сақшылар жайына жібере салыпты.    

Анастасия Букина, зардап шегушінің қызы:

- Бұзақыны қамауды талап етемін. Ондай адамды қалай бостандыққа жібере салады? Анамды оңдырмай ұрып кетті. Тергеуші мұны кішігірім бұзақылық деп отыр. Қайдағы бұзақылық? Ол қасақана келіп ұрды ғой.

Зардап шеккен әйелдің туыстары мұны көре алмайтындардың әрекеті деп отыр. Себебі, қабылдауында кісі үзілмейтін психологтың табысы жақсы болған екен. Сол үшін де қастандық деген ойларынан танбай тұр. Олай дейтіні, келіншектің қол сөмкесінде 700 мың, ал қолында 400 мың теңгенің ұялы телефоны болған. Бірақ бұзақы олардың ешбірін алмаған. Одан қалды, құлағындағы 180 мыңның алтын сырғасына да тиіспепті.

Анастасия Букина, зардап шегушінің қызы:

- Қазір ол бастандықта жүр. Онымен қоймай, көлігімен адам тасып жүр. Ондай адамды бостандықта қалдыруға болмайды. Менің анамды ұрғандай, басқа қыз-келіншектерді де ұрып жіберуі мүмкін ғой.

Осылай деген Светлана Божконың туыстары қаскөйді қамауды талап етеді. Ал, полиция департаментіндегілер болса, кастетпен келіншекті ұрған таксисттің бостандыққа жіберілгенін растамады. Бірақ теріске де шығармады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде