{metadescription}
0:000:00
Алакөлге Ақши жағынан лас су құйған қонақүй қожайынына айыппұл салынады

Алакөлге Ақши жағынан лас су құйған қонақүй қожайынына айыппұл салынады

Емдік қасиеті мол Алакөлге лас су құйған қонақүй қожайыны айыппұл арқалайды. Десе де, көлге кәріз суы емес, жағалаудағы демалыс орны бассейнінің қалдық суы құйылған дейді билік өкілдері. Алайда, оқиғаны көзбен көрген тұрғындар оның нәжіс суы болғанына сенімді.

Бұл видеоны Алакөлдегі демалушылар түсіріп алған. Онда дертке дауа тұп-тұнық суға сұр түсті қалдық судың құбыр арқылы құйылып жатқанын анық аңғаруға болады. Осы маңайда суға шомылып жүргендер жағымсыз иістің болғанын да айтуда. Алайда, атқамінерлер алаңсыз. Олар қалдық су жағалаудағы бесжұлдызды қонақүйдің хауызынан ағып шыққан дейді. Сөздеріне сенсек, демалыс орнының қожайыны көл суын бассейнге пайдаланып, ластанғаннан кейін қайта құяды екен. Сондықтан, оған ешқандай химикат қосылмаған деп сендірді. Ең қызығы, бассейн суын Алакөлге ағызған қонақ үй иесі Алматы қалалық мәслихатының депутаты екен. Енді ол көпшілік шомылатын көлді ластағаны үшін айыппұл төлейді. Десе де, 4 млрд теңгеге қымбат қонақ үй салған кәсіпкердің қалтасына бұл салмақ салмасы анық.

Жандарбек Бекшин, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Біздің мамандар оқиға орнына барып, бәрін өз көзімен көрді. Қонақ үйде 2 үлкен бассейн бар. Қызметкерлер соларды Алакөлдің суымен толтырған. Кейін оны көлге қайта төккен. Бұл кәріз суы емес. Тек бассейн суын тереңге жібергендіктен, тұнба көтеріліп, лай пайда болған. Ешқандай қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде