{metadescription}
Енді түрмелерде жазасын өтеушілерге арналған дүкен болады
Енді түрмелерде жазасын өтеушілерге арналған дүкен болады

Енді түрмелерде жазасын өтеушілерге арналған дүкен болады

Түрмелерде электрондық дүкен қойылмақ. Онда жазасын өтеуші түрмеде тапқан жалақысына немесе туыстарының аударған ақшасына керегін сатып алады. Ол үшін әрбір түрмеде арнайы терминалдар орнатылмақ.

Жаңа жоба әзірге Ақмола облысындағы Е 166/25 түзеу мекемесінде пилоттық режимде енгізілмек. Бұл мекеме Ақмола облысындағы Гранитный ауылында орналасқан. Мұндай дүкеннен керегін сатып алу жазасын өтеушіге оңайға түспейді. Ол үшін сотталған адамның есепшотында түрмеде жүріп тапқан жалақысы болуы керек. Немесе туыстары электрондық дүкенке қоңырау шалып, ақшасын төлеп, бір адамға апарып беру туралы тапсырыс бере алады. Яғни, қамауда жатқан адамға керек-жарағын әкеліп беру үшін туыстарына міндетті түрде келіп жүрудің қажеті жоқ. Ал электронды дүкенде тек түрмеге алып кіруге болатын заттар ғана енгізілген.

Асқар Тілегенов, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы:

- Жазасын өтеуші терминалдан зат сатып алуға өтініш береді. Ол бухгалтерияға түседі. Есепшотында ақшасы бар болса, есепшілер оны электронды дүкенге аударады. Сөйтіп, ол қалаған затын осылай сатып алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.