{metadescription}
Еш кеткен еңбек! Ақтөбе іргесіне егілген бір миллион түп көшет қурап кетті
Еш кеткен еңбек! Ақтөбе іргесіне егілген бір миллион түп көшет қурап кетті

Еш кеткен еңбек! Ақтөбе іргесіне егілген бір миллион түп көшет қурап кетті

Ақтөбе іргесіне егілген бір миллион түп көшет қурап кетті. Осыдан екі жыл бұрын әкімдіктегілер қаланың маңын жасыл орманға айналдырамыз деп жаппай қарағай отырғызған еді. Ол үшін қазынадан 90 миллион теңге бөлген. Бірақ кейін суаруға ақша таппай, ақыры көшеттер қу таяққа айналды. Қазынаның қаржысын желге ұшырған шенеуніктер шөлейтті аймаққа сусыз шөп те шықпайтынын енді ұғынып отыр.

Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбе шетіндегі әуежай маңына отырғызылған көшеттердің сиқы осы. Мың гектар алқапқа егілген қарағай қурап кеткен. Кезінде шенеуніктер қазынадан тоқсан миллион теңге бөліп, болашақта бұл жер ну орманға айналады деп сендірген еді. Бірақ миллион түп көшеттің бірде-бірі өспеген.

Евгений Лазарчук, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Біз бұл егілген көшеттердің жағдайын қаланы аралап жүргенде көрдік. Ағаштардың бәрі суарылмағаннан, қурап қалған. Ешкім күтпеген. Әйтпесе, көшеттер тамырын жайып үлгерген. Қанша ақша, қанша көшет босқа кетті.

Әкімдіктегілер болса көшеттерді суаруға ақша қарастырылмағанын айтады. Ең қызығы шөлейтті аймақта ылғалды жақсы көретін қарағай сусыз өзі шыға береді деп ойлаған.

Хасен Юсупов, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Суарусыз өсіретін болғанбыз. Жалпы айтқанда, ол суаруды да қажет етпеген. Жаңа айттым ғой, бұл – суарусыз егу әдісі.

Ал облыстық табиғатты қорғау бысқармасы мамандары бұл жобаның ешбір келісімсіз қолға алынғанын айтады. Өйткені, көшет отырғызбас бұрын сол жердің топырағы да зерттелмеген.

Ғабит Қылышбаев, Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл отырғызу технологиялары сақталмауынан болып отыр. Себебі, ол жерге кешіктіріліп егілді. Сосын технология бойынша бір жыл бұрын топырақты дайындап алу керек еді. Сонымен қатар, жергілікті климатқа бейімделмеген екпелердің отырғызылу салдарынан болып отыр.

Шенеуніктер көшет отырғызуға бөлінген тоқсан миллион теңгенің желге ұшқанын мойындап отыр. Бірақ оның сұрауы кімнен болары әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде