{metadescription}
Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 9 жастағы бала көз жұмды
Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 9 жастағы бала көз жұмды

Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 9 жастағы бала көз жұмды

Арыстағы жарылыс кезінде жараланған 9 жастағы бала көз жұмды. Елордадағы №2-ші балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан Аян Шәріпбектің жүрегі таңертең тоқтаған.

Әйгерім Лебаева, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Жағдайы ауыр болғандықтан профессорлар, нейрохирургтардың консультациясында болып, Мәскеуден келген дәрігердің де консультациясын алған болатын. Баланы құтқару үшін барлық жағдай жасалды. Дегенмен, бүгін сағат 9-да бала қайтыс болды.

Марқұм болған жеткіншекті жарылыс кезінде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатқанда көлік қағып кеткен. Содан басы жараланып, миына қатты зақым келген. Он күндей Шымкенттегі дәрігерлердің қарауында болған Аянды беті бері қарамағасын Нұр-Сұлтанға әкелген. Осында еліміздің, қала берді шетелдің үздік мамандары ем-дом жасағанымен қайран болмапты. Бас қалаға 28-ші маусымда санавиациямен жеткізілген жеткіншек, бір айдан сәл асқанда аурухана кереуетінде жан тапсырды. Айта кетейік, маусымның 24-де болған Арыстағы жарылыстан сол кезде 3 адам қаза тапты. Әскери бөлімшедегі апаттың себеп-салдары қазір әлі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.