{metadescription}
Ертең күн одан сайын ысиды
Ертең күн одан сайын ысиды

Ертең күн одан сайын ысиды

«Қазгидромет» еліміздің 4 облысында және Елордада дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері кей өңірлерде 42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Ал, енді бір аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, жел күшейіп, дауыл болады. Тіпті, бұршақ жаууы да ықтимал.

Ауа райының бұлай құбылуына Қазақстан арқылы өтетін атмосфералық фронтальдық бөліктер әсер етеді. Мәселен, аптап ыстықты Ираннан келетін жылы ауа массалары әкеледі. Соған байланысты, Нұр-Сұлтандағы температура +36-ға дейін жетпек. Ал, Қызылордада 42 градус болады деген болжам бар. Түркістан облысында да 41-43 градус аралығында ыстық күтілуде. Артынша, мұнда жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді дейді синоптиктер. Жел тұрып, жауын-шашын болуына Мурмансктен бет алған салқын ауа массалары әсер етеді. Соның салдарынан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұршақ та жаууы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде