Бағанаға скотчпен бекітілген бағдаршам жұртты таңқалдырды
Бұл бағдаршам бұрынғылардан өзгерек. Алматыда қарапайым скотчпен бағанаға бекітілген бағдаршам көпшілікті таңқалдырды. Ринат Әбдухалықов есімді қала тұрғыны Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы көріністі әлеуеметтік желіге жариялады.
Автор: Әсем Қабылбек
05.08.2019
Фото авторының айтуынша, сол сәтте бағдаршам жұмыс істеп тұрған. Мегаполистегі бағдаршамдарға жауапты «СМЭУ Алматы» серіктестігінің басшысы Ерлан Түстікбаев құрылғы жолды жөндеу кезінде істен шыққанын мәлімдеді. Экскаватор абайсызда сындырған. Жол-көлік қозғалысы қиындап, көлік кептелісі туындамас үшін бағдаршам уақытша скотчпен бекітілген болып шықты. Қазір толықтай жөнделді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!